Жаттықтырудың міндеттері: 1) Әрбір жаңа жаттығудың мақсаты мен маңызын, оның нақты міндеттерін түсіндіру. Кез - келген жаттығу ойыншыларға түсінікті болуы тиіс. 2) Ойыншылар жаттығуды тез, дүрыс, барын салып, мүқият орындауын қадағалау. 3) Тәсілді жетілтіруге арналған жаттығулар құрылымы мен сипаты жағынан типтік жарыс жағдайына үқсас болып, ойыншылар оны жарыстағыдай қүлшыныспен, барын салып орындау тиіс. 4) Шартты қарсылас қарсылығы мен жарыс элементтерін ендір- генде жаттығу қүрылымының мағынасы бүзылуына жол бермеу керек. 5) Жаттығуларда шабуыл мен қорғанысты жетілдірудің міндет- терін орындаудың кешенді жаттығуларында оларды ойындылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерніне сәйкес келуін қарастыру. 6) Сабақтағы жаттығуларды үйымдастыру мен олардың өзара іс - қимылын мүқият ойластыру. 7) Ойыншылар жақсы меңгеріп, түсініп, жақсы көретін жат- тығулары жиі қолдану, оларды қүрылымы мен қойылған мін- деттерін сақтай отырып түрлендіру. 8) Аса күрделі жатығуларды қолданбау керек. 9) Жаттығу немесе ойын барысында ескертуді шүғыл әрі жиі жасаған дүрыс емес, оқушыларға туындаған қиындықтарда өзіне жол табуға мүмкіндік беріп, содан кейін ғана көмектесуге болады, жаттықтыруды талдағанда кездейсоқ мүлт кетуден заңдылық кемшіліктері қатесін айыра білуге үйрету. 10) Жаттығуларды орындағанда жүмыс қабілетінің, қозғал- ғыштығының және зейін шоғырлануының күрт төмендеуіне жол бермеу, сабақты жақсы көңіл күймен өткізу, үздіктерге шағын жүлде беру жаттықтырудың әсерін арттыруға көмектеседі. 11) Сабақ жоспарын қатаң үстану, уақыт шегінен (әрі жатығуға жоспарланған) асып кетпеу. Егер жаттығу ойыншыға жеңіл тисе, онда оны барын сала орындауға деген тілек пен қазығушылық төмендейді, жаттығулар жағдайын жарыс элементтерін ендіру арқылы күрделендірудің маңызы зор, егер жаттығу ойдағыдай шықпаса, спортшы аз да болса табысқа жету үшін сәл уақытты созу керек. 12) Орындалған жаттығулардың көлемі мен қарқындылығының есебін жүргізу. 196
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==