Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Түрыстық шабуылдың кез - келген жүйесін меңгеру бүкіл команда ойыншыларын тікелей және жанама қатыстырып, өзара іс - қимылды үйлестіруді қарастыратын тәсілдік айла - шарғыларды меңгеруімен тығыз байланысты. Мұнда әрбір айла - шарығы қорғаныс жүйесінің нақты бір түріне қарсы түрыстық шабуылға ойыншыларды орналастырадың нақты түрінен туындайтын үйренген командалық іс -қимыл кешенін білдіреді. Тәсілдік айла - шарғыларды меңгеру өте қиын процесс, оны төрт сатыға бөлуге болады: 1) айла - шарғыға қатысатын ойыншылар бастапқы орындарға орналасады. Оның мәнін түсіндірген жаттықтырушы қолданылатын қозғалыстар мен әдістерді жасап көрсетеді. Ойыншылар көрген амалдарын бірнеше рет қайталап, оның аяқталуын екі - үш түрмен қайталап бекітеді. Алаңда әрбір ойыншының шығыршықты ша- буылдаудың соңғы сәтінде түруы тиіс нүктелерді белгілеп қоюға болады, сосын жаттығуға айла - шарғының шиелініскен сәттерінде белсенді қарсылық көрсететін бір - екі қорғаушыны кіргізеді. 2) Жаттығуға шабуылшыларды ауысусыз және сақтандырусыз шартты түрде бақылайтын бес қорғаушы ендіріледі. 3) Қорғаушылар айла - шарғының үйренген барлық түрін қолданған шабуылшыларға белсенді қарсылық көрсетеді. 4) Үйренген айла - шарғыларын алаңның бір жартысында 5x5 ойындағы ойын жаттығуларында қайталайды. Қолайлы сәттерде жаттықтырушылар ойыншыларға белгіленген айла - шарғыны жүргізу үшін бастапқы қалыпта алатын орын көрсетуі керек. Егер оқушылар ойлағанын жүргізе алмаса, егер олар дөрекі қателіктер жіберсе, жаттығуды тоқтатып, айла - шарғыны бірнеше рет жеңілдетілген жағдайларда қайталап, ойынды қайтадан жалғастыру қажет. Ойын жаттығулары мен ойынның өзінде де алаңның бір бөлігінде жеке ойыншыларға және командаға оқушыларды түрлі айла - шарғыларды жиі әрі құлшынымпен жүргізуіне жәрдемдесетін шартар ендіру маңызды. Соңында баскетболшының тәсілдік дайындығының негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін жаттығуларды пайдаланудың бірнеше ережелерін келтіреміз. 195

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==