Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

алаңы жартысындағы прессингке өтеді және соңында бүкіл алаң бойындағы прессингке өтеді. Қорғаныстың аймақтық жүйесі мен оның түрлеріне кештеу, яғни оқушылар қарсылас ойыншыла- рын бақылап,өз әріптестерінен өзара іс - қимылды үйренгеннен кейін көшеді. Командалық іс - қимылдардың тәсілдік жүйесін меңгеруді кезеңдері бойынша (басы -дамуы - соңы) оларды біртіндеп бір бүтінге біріктіре атқарған тиімді. Тәсілдік жүйені игеру баскетболшылардың ойын қызметін мамандандырумен байланысты. Көбінесе ойыншы қызметін тезірек анықтап, өз уақыт ішінде дене дамуы жақсы, үзын бойлы, жақсы секіретін ойыншыдан қалқан астында ойнайтын орталық ойыншыны дайындауға тырысады. Алайда,көп жылдар бойы белгілі баскет- болшылардың спорт жетістіктерінің өзгерісін талдау ойыншы- ларды тым ерте қорғаушыларға, қаптал шабуылшыларына және орталық ойыншыларға белу болашақта жетілдіретін қабілеттерін шектейтінін көрсетті. Әрбір оқушы кем дегенде жаттықтырудың бір жарым жылында тең түрде доп беруді, оң және сол қолмен алдап өтуді, орынынан, жүрістен орта және алыс қашықтықтан торга доп салуды, Сондай-ақ, қорғаныстағы ойынды үйренуді тиіс. Ол қалқанға жақын түста және алаң түкпірінде жеке іс - қимылдарды пайдалнуды, шағын және үзын бойлы, шапшаң ойыншы қарсыластарын бірдей бақы- лауды, мықтап қорғану мен күйрете қарсы шабуылдауды бірдей мөлшерде жетік меңгеруді тиіс. Осыдан кейін оқушы осы материалдың барлығын жетік меңгерген соң ғана ойынға маман- дандыруды бастаған дүрыс. Тұрыстық шабуыл жүйесің меңгергенде мынаны үйренеді: - ойыншылдарды бастапқы түрыстарға жоспарлап қоюмен және доптың алдыңғы аймаққа өтуімен байланысты шабуылды бастау; - жүрістен екі немесе үш ойыншының типтік өзара іс - қимылын жүргізумен байланысты шабуылды дамыту; - үйренген тәсілдік, айла - шарғыларды ерекше белгілермен жүргізуге байланысты шабуылды дамыту; - кері үшқан доп үшін белсенді курес шабуылының әдісі мен мерзімін тиімді таңдауға байланысты шабуылды аяқтау. 194

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==