Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

7) «Кіші сегіздік» 8) «Айқаса шығу» 9) Қозғалыстағы тосқауыл 10)«Екі еселенген тосқауыл» және «екі ойыншыға жалғастыра доп беру» Ойыншыларды орналастырудың қарапайым схемалары мен олардың қозғалысын бастапқы сатыда меңгеру, өзара іс - қимылдың көрсетілген әдістеріне тән етіп, әдіс амалдарымен және финттермен үйлестіре жаттығу жүргізеді. Сосын, ойыншылардың алаңдағы орындары мен атқаратын ойын қызметтерінен қүрылуына қарай арнайы тәсілдік жаттығуларды пайдаланады. Қорытындыда ойын- шылар команданың таңдаған түрыстық шабуыл мен негізгі тәсілдік айла - шарғылар схемасына сәйкес жағдайларда өзара іс - қимыл үйлесімдерін меңгереді. Оқушылар іс - қимылдың және өзара іс- қимылдың мазмүнын, бірізділігін меңгеріп болған соң, жаттығуларға қосымша қорғау- шыларды ендіру қажет. Қатысушылар саны теңестіріліп, жаттғулар қорғаушылардың әлсіз қарсылығымен жалғасады, ол сақтандыру- сыз және ауысусыз тек «өз» ойыншыларын бақылаумен шектеледі. Сосын қорғаушыларға шабуылдағыларға белсенді қарсылық көр- сетуге тапсырма беріледі. Шабуыл мен қорғаныстағы екі - үш ойыншының өзара іс - қимылын одан ары жетілдіруді алаңның бір бөлігінде және оқу ойындарында 2x2 және 3x3 ойын жаттығуларында жүргізіледі. Жаттығуларға ойыншыларға үйренге өзара іс - қимылын батыл пайдалануға көмектесетін қосымша жағдайлар ендіру керек. Егер бүндай іс - қимыл шығыршыққа нәтижелі доп салумен аяқталса, онда шабуылшы жаққа әдеттегідей екі үпай емес, үш немсе төрт үпай есептеп, допты шабулдаушыларда қалдыруға болады, т.б. Командалык, іс -қимылды меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Командалық іс - қимылды меңгерудің белгіленген әдіс- темелік бірізділігінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет. Алғашқыда орталық ойыншы арқылы тұрыстық шабуыл жүйесін- дегі іс - қимыл дағдылары қалыптастырылып, сонымен қатар- үмтылысты шабуыл меңгеріледі. Сосын қорғаныстағы іс - қи- мылдарды үйренеді. Жеке қорғаныс жүйесінен бастап, сосын өз 193

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==