Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- ойыншылар қандай да бір қимылын тез өзгертіп немесе тежеу үшін алдын ала келісілген әдіспен дыбыстық немесе көру белгі- лерін қолданады; - доптар санын, заттық бағдарлар мен шектеулердің (уақыт пен кеңістікке қарай) санын көбейтеді; - әріптесінің қимыл сипатына қарай баскетболшы орынын ауыстырып, жүгіру бағытын таңдағанда, өте күрделірек ауысуды пайдаланады; - шартты қарсыласының сылбыр және белсенді қарсылығын қолданады. Қосымша жағдайлар мен күрделендірулер әдіс амалдарының негізі болатын дене сапаларының дамуына немесе қимыл дағды- ларының қалыптасуына кері эсер етпеуін есте үстау қажет. Жеке әрекеттерді меңгеру жэне солар арқылы жетілу. Алғашқыда негізінен шабуылдағы жеке іс - эрекетке назар ауда- рылады. Оларды меңгеру мынадай бірізділікте жүргізіледі: 1) Қорғаушы бақылауынан босап, бос орынға шығу. 2) Допты қағып алу жэне беру амалдарын пайдалану. 3) Жүргізу мен алдап өтуді пайдалану. 4) Әдістер мен финттерді алаңдағы таңдаған орына қарай үйлестіріп пайдалану. Қорғаныстағы жеке қимылдарды меңгеру шабуылдағы жеке қимылдарды үйренумен қатар жүреді,онда жаттықтырушы жатты- ғуға қорғаушының белсенді қарсылығын игереді немесе оқу ойын- дарында ойын жаттығуларына өтуді дүрыс деп шешеді. Топтық іс - әрекеттерді меңгеру және солар арқьілы жетілдіру. Белгілі болғанындай, баскетболдағы топтық қимыл- дардың негізін қорғаныс пен шабуылда екі - үш ойыншының өзара әрекетінің типтік әдістері құрайды. Шабуылдағы өзара іс - әрекетті меңгерудің төмендегіше әдістемелік бірізділігі үсынылады: 1) «Допты бер де, шық » - екі ойыншының өзара әрекеті. 2) «Үшбүрыш «түрінде үш ойыншынын өзара іс - қимылы 3) Тосқауыл (Ішкі жэне сыртқы) 4) Бір әріптесіне жалғастыра доп беру 5) «Үштік» 6) Ауысу 192

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==