Демек, баскетболшының оқу - жаттықтыру жү.мыстарыпдағы жеке күнделігінің жазбаларын талқылау спорт нәтижелерінің күрт өсуі- нің немесе төмендеуінің себептерін табуға, тәсілдік дайындық ерекшеліктерін түрлі сатыларға қойып салыстырып, қажетті қорытыиды жасауға мүмкіндік береді. Баскетболшыға нақты жарысқа қатысуындағы, тәсілдік жоспар- ды (немесе бүкіл команданың қатысуы) өзінше қүру кезеңмен тап- сырылып отыруы қажет. Бұндай жоспар қүруда спортшы спорт күресін жүргізудің қүралдары, түрлері мен әдістері туралы жинақтаған білетін, қар- сыласы туралы мәліметтерін пайдаланады. Матчтан соң ойыншы- лар жаттықтырушысымен бірге жарыстың барысында әрекеттер- мен өз жоспарларын салыстырып, тәсілдік дайындықты одан ары жетілдіру жолдарын бергілейді. Тәсілдік дайындықта өзара байланысты әдістемелік торт Min- дет айқын қойылады: 1) Оқушыларда күрделі такциялар шапшаңдығын, зейінділікті, бағдарлауды, танымдылықты, шығармашылық бастамашылықты дамыту. 2) Шабуыл мен қорғаныстағы командалық қимылдардың не- гізгі жүйелерін, әріптестерімен типтік өзара байланыс әрекеті мен жеке қимылдарды меңгеру. 3) Оқушыларда өз күштерін мүмкіндіктерін, сыртқы әсерлер мен қарсылас кедергінің ерекшеліктерін ескеріп, ойын қүралдары мен тәсілдік материалдардан үйренгенін әсерлі пайдалана білуді қалыптастыру. 4) Матч барысында қабілеттерді дамыту бір командалық жүйе мен қимылдан екіншісіне өтеді. Егер алғашқы екі міндет ойын тәсілдерін меңгерудің алғашқы сатысына тура келсе, онда қалған екеуі жетілдірудің қалған ұзақ жылдар бойында шешімін табады. Күрделі реакцияларға шапшаңдықты, уақытты сезінуін, бағдар- лауын, тануын дамытудың алғашқы сатыларында дене және әдістік дайындықтар міндеттері мен табиғи байланыста атқарылады. Осы мақсатта жаттығуларға қосымша шарттар мен бірқатар күрделен- діру ендіріледі: 191
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==