Әдісті қоюды жан - жақты дене дайындығы тәрізді жоғарғы нәтижелердің іргетесы ретінде қарайды. Дайындықтың бүл кезеңі спортшының бұдан кейінгі әрекетінде шешуші роль атқарады: жасаған жұмыстарыдың жан - жақтылығы мен мұқияттылығына қарай одан ары өсу мүмкіндігі мен қарқыны белгілі болады. Бұл сатыдағы негізгі міндет - әдіс қою, яғни ойын әдістерін орындаудың негізгі заңдылықтарын меңгеру барысында қозғалыс жүйесін қалыптастыру. Бүл үшін мыналар қажет: - ойын талаптарына сай жүргізуді, лактыру мен секіруді пайдалану; - негізгі әдістерді орындауға қажетті қимыл дағдыларын меңгеру; - үйренген қимылдарды баскетболшының көпсалалы қимыл- дарының негізін қүрайтын жаңа үйлесімдермен біріктіру; - үйренген әдістерін ойынға қолданып үйрену. Негізгі қимылдарды тез меңгеру педагогикалық міндеттерді қою бірізділігіне байланысты болады. Алғашқыда спортшы бастапқы қалыпты меңгеріп, дененің қай бөліктері қимылға қатысатынын, бүл қимылдардың бағыты мен үйлесімділігі қаншалықты екіенін білуі тиіс. Сосын ойыншы қимылды өзіне қолайлы, қолданбалы екпінде тиімді қүлашпен орындап, қимыл қүрылымының орындалу дәлдігіне жетіп,сосын әдістің бөліктерін игеруі тиіс. Оқу барысында оқушыларды әдісті қарапайым ойында қолдана алатындай етіп, жағдайды күрделендіру керек. 2.9.7. Тәсілдік дайындық Баскетболшылардың тәсілдік дайындығы спорт жекпе - жегін жүргізу өнерін меңгеруді білдіреді. Ол спортшының туындаған жарыс жағдайын тез әрі дүрыс талдау қабілетіне, осы тәсілдік міндеттің тиімді шешімін тауып, оны әріптестерінен бірлесіп шеше білуіне сүйенеді. Тәсілдік дайындық үшін ілімдік негіз қалау барысында спортшының өзіндік жүмысының барлық түрін пайдалану керек. Баскетболшы төрелілік ерекшелігі мен жарыс ережелерін зерттеп, жеке өзінің жарыстық тәжірибесін мұқият талдауға үйренуі тиіс. 190
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==