Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Баскетболшының қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшаңдығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі қимылдың ең жоғарғы қүлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың қозғалғыштығына бүлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, бүлшықет күшіне, Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады. Баскетболшының иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бүл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табанжәне білезік - қоспа буындары қозғалтқыштығының үлғаюына назар аудару керек. Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс - қайталау әдісі. Баскетболшылардағы тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді. Жүмсақтық еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет. Жоғары дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу өнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды. Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке бөліктері түгел- дей пайдаланылатын және орындалуы дене салмағының орташа- лығын ауыстырумен байланысты жаттығулар қолданылады. Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бүлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу баскетболшыларда төмендегі жаттығу- лар көмегімен қалыптасады: - қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу; - түлғаны оңға және солға бүрып, қолды еркін түсіріп сермеу; - бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыра- тын жүгіру; - дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ үшын еденнен ажыратпай; - санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін); 188

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==