Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Баскетболдағы ептілікті көрсету ерекшелігін ескере отырып, жаттығуларды мазмұны мен сипаты жағынан ойын ерекшелігіне жақын болатындай етіп таңдаған дұрыс. Яғни, қозғалыстағы епті- лікті дамыту үшін баскетболға тән үйлесімдері бар арнайы жат- тығулар мен ойындар кең қолданылады: реакция шапшаңдығы - сөрелік екпін алу - қашықтықтағы жылдамдық - бірмезгілде доппен орындалатын әдістер мен тәсілдік міндеттерді шешу. Жаттығуды орындауда түрлі әдістемелік амалдар кең қолданылады, олар - сере жағдайы мен кеңістік шекарасын, жаттығуларды орындау әдісін өзгерту, оларды қосымша қимылдармен толықтылу қарсыласы- ның кедергісі, күтпеген ықпалдар жүргізіп, үйлесім қимылдарын көрсетуге жол ашады. Тез өзгеретін ойын жағдайларында ептілікті дамыту үшін бірі- нен кейін бірін шапшаң екпінде орындайтын кедергі жолақтарын бағындыру түріндегі жаттығулар үсынылады, мысалы: - акробатикалық секіру - кедергіден аунап өту, қысқа үдеуден «терезеге» секіру, сосын серіппелі көпірден серпіліп арқанға секіріп шығу, онымен белгіленген орынға дейін өрмелеу және дәл қону үшін секіріп түсу, жаттығу мэре сызығына жүлқынумен аяқталады; - қолына тығыздалған допты ұстап, шалқалай жату сөресі 4-5м жүгіріп, кедергіден секіріп өту, сосын гимнастикалық бөренеге шығып, 6-8 м-ге жүлқына шығуды орындап, жүрістен гимнастикалық қабырғаға секіріп шығу, оған өрмелеп, қабырғаның жоғарғы сырытына қол тигізу; жаттығу секіріп түсумен және мэре сызығына соңғы жүлқына шығумен аяқталады. Бүндай жаттығуларды команданың кедергіні бағындыруға кеткен уақытын тіркеп екі команданың жарысы түрінде өткізеді. Олар тек дене күшін ғана емес, Сондай-ақ, едэуір жүйкеге қысым түсуді де талап етінін ескеру қажет. Сондықтан бір сабаққа осындай бірнеше жаттығуды ендіру дүрыс емес. Оларды жаттықтыру сабақтарының негізгі бөлімдеріне ендіру қажет. Бүл жаттығуларды пайдаланудың негізгі эдістері - қайталау - ауысу, ойын жэне жарыстық. Иілгіштікті тэрбиелеу және тыныга білу. «Иілгіштік» үғымы тірек - қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейне- лейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. 187

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==