- жаттықтыру қүралдары мен әдістерінің өзгергіштігі; - жоғары жүктемелі сабақ өткен күннен кейінгі күнді белсенді демалыспен өткізу; - жаттығуды белсенді демалыс пен тынығу үшін негізгі жаттығулар арасындағы үзілісте орындау; - толық тығу жағдайында әлсіз демалыс ( тиісіншіе, суда); - түрлі жағдайларда жаттықтыру өткізу( стадионда.т.б.); - жақсы түрмыс жағдайын қамтамасыз ету және кері әсерлерді жою; - тиімді тамақтануды, дәрумен қабылдауды, массажды, су процедураларын, физиотерапияны қамтамасыз ету. Ептілікті тәрбиелеу. Ептілік деп күрделі дәлдіктегі қимылды меңгеру, сондай-ақ, күрделі қимыл міндеттерін тез әрі дәл шешумен қимыл әрекетін өзгермелі жағдайға қарай қайта орналастыра білу қабілетін түсінуіміз керек. Ептілік- кешенді сапа, онда күш пен шапшаңдықтың жоғары деңгейде көрінуі қимыл дәлдігімен олардың үйлесімдік табиғатында пайда болады. Екінші деңгейі - бүл кеңістік дәлдік пен қимыл дәл- дігі екіншісі - қысқарған мерзімді орындалатын кеңістік дәлдігі мен қимыл дәлдігі, үшінші - өзгермелі жағдайда қысқарған мерзімдегі қимыл дәлдігі мен кеңстік дәлдігі. Баскетбол үшін үш деңгейі де мңызды, бірақ ерекше маңыздысы үшіншісі болып табылады, ол ойыншыға қимыл әдісін меңгеруге, кенеттен өзгерген ойын жағдайында қимыл дағдылары мен біліктерін дәл әрі тез пайдалануға өз әрекеттерін тиімді қайта қүруға көмектеседі. Спорт әдістерін үйрену мен жетілдірудегі ептіліктің орны ерекше. Жаңа қимылды меңгеру дәлдігі мен шапшаңдығы қабіліті шыңдалған баскетболшының қимыл дағдылары қоры мен қызмен мүмкінді- гіне байланысты болады. Жаңа әдістік амалдарды меңгеру барысында қимыл элемент- терінің қоры оларды барынша күрделі қимыл дағдыларына бірік- тіруге көмектеседі. Сондықтан ептілікті дамытудың басты қүрал- дарының бірі үйлесімдік кедергілерді бағындыруға байланысты жаңалық элементтері жаттығулары болып табылады. Ептілікке тәрбиелеудің ең кеңейтілген қүралдары қимыл белсенділігінің өз- гергіштік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін акробатика мен гимнастиканың элементтері, спорт ойындары болып табылады. 186
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==