жерде үлкен көлемде түрлі жылдамдықпен орыидалатын жүгіру. Жалпы төзімділікті жетілдіру бірқалыпты, үздіксіз, қайталау және ауысу әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Олардың көмегімен мына міндеттер шешіледі: 1) Оттегіні түтынуды жоғарғы деңгейге көтеру; 2) Жеткен деңгейін түрақтандыру қабілетін дамыту; 3) тыныс алу процесстерін шапшаңдығын ең жоғарғы көлемге жеткізу. Баскетболшының ойындағы қызмет қабілетін көрсету ерекше- ліктері аэробтық және анаэробтық процестерді кезектестіру болып табылады. Жоғары қ имыл белсенділігі сәтінде анаэробтық про- цестер белсенділігі артып, оттегі жетіспеушілігі туындайды. Аэробтық процестердің қуаттылығы оттегі жетіспеушілігін жойып, оның орнын шапшаң толықтыруды анықтайды. Сондықтан жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі арнайы төзімділік үшін мықты негіз болады. Арнайы дайындық пен жарыс алдындағы сатыларда тө- зімділікті дамытудың әдістері мен қүралдары өзгеріп, арнайы төзімділіктің үлесі артады. Жаттығу қарқындылығын анықтау үшін жүрек жиырылу жыл- дамдығының көрсеткішін пайдаланады. Егер жаттығуды орында- ғанда ЖЖЖ 150 соқ/мин шамасында болса, демек олар аэробтық қабілеттің дамуына сәйкес келеді, 165 соқ/мин шамасында болса, аэробты - анаэробты ықпал етеді. Егер ЖЖЖ180 соқ/ мин асса, жаттығулар аэробтық қабілетінке эсер етеді. Жүктеменің қалған құрамдас бөліктері жаттықтыру әдістеріне қарай өзгеріп отырады. Баскетболшы төзімділігін дамытудың арнайы эдістері интервал- дық, қайталау - ауысу, көмекші, жарыстық, жаттықтырудың айналымдық түрі болып табылады. Төзімділікті дамытуға арналған жаттығуларды жаттықтыруға ендіргенде жаттықтыру мен жарыстық әсерлер ойыншының қызмет мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне сәйкес келуін қарастыру қажет. Жүктеме қарқынын арттыру спортшы ағзасында дем беретін қалпына келтіру процестері құралдарын кең қолдану ғана мүмкін. Бұл ең алдымен сабақты тиімді қүруға байланысты. Мүнда үлкен мәнге ие болатындар: -жүктеме мен демалыстың дұрыс үйлесуі; 185
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==