Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Баскетболдағы шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдам- дық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды келтіреміз: - жеңілдетілген жағдайларда жаттығулар орындау ( қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану); - қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектес- тіру, салмақтарды өзгерту; - екпіндеп жүгіру, көшбасшының ( әріптестің) ізінен жүгіру; - жаттығуларды орындау уақыты шарттарына шектеу ендіру. Төзімділікті тэрбиелеу. Заманауй баскетбол үшін жоғары жарыс және жаттықтыру жүктемелері, ойын екпін, қарсылас ке- дергісімен үлкен жылдамдықта әдістік амалдарды орындау, қор- ғаныстың белсенді жүйесін қолдану мен шабуыл, тез топ жару және прессинг тән. ¥зақ жарыс кезеңі, турнирлер мен жеке матчтар- дың жоғары қысымы төзімділікті жоғары даму деңгейін талап етеді, яғни жарыс жүктемесі нәтижесінде пайда болған шаршауға қарсы түру қабілетін талап етеді. Сондықтан да баскетболшылардың төзімділігін дамыту қажет. Өте төзімді баскетболшы спортттық тұлғасын өте үзақ уақыт сақтайды, бір ойында да, бүкіл турнирде де жоғары қимыл белсенділігін көрсетеді, түрақты және ықпалды әдістер көрсетеді, шапшаң тәсілдік ойлаумен ерекшеленеді, өте нәтижелі болады. Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің де маңызы зор. Оларды дүрыс бірізді, жылдық жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет. Жылдық айналымның дайындық кезеңінің жалпы дайындық сатысында жалпы төзімділіктің мәселелерінен айналысу қажет, ол барлық дене сапаларының дамыуын, аэробтық мүмкін- діктер үшін қажетті база қүруды үсынады. Аэробтың мүмкіндік- терді жетілдірудің құнды ерекше құралдары жүгіру, жүзу ескек есу, шаңғымен жүру және кіші, орта және ауыспалы қарқынды- лықпен көлемін біртіндеп үлғайтумен орындалатын айналымдық сипаттағы басқа да жаттығулар болып табылады. Алайда ұзақ уақыттық көлемді жұмыс біркелкі келеді және баскетболшы оны үнемі қызыға орындамайды. Жаттықтырудың үнамды түрі фартлек болып табылады - ол орманда немесе жергілікті 184

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==