Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағ- дайға қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді. Ойында әдетте шапшаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар баскетболшылардың көпшілік қимыл әрекеттерін қүрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалда- рын және олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығыгда бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Баскетболдағы шапшаңдықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бүзушы ықпалдар негізінде (қар- сыласының қарсыласы, психологиялық қысым, шапшаң) көрсету қажеттігі болып табылады. Сонымен шапшаң жауап беру маңыз- дылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету, Сондай-ақ, осы жылдам- дық ұстап, шаршауға қарсы тұру (Қашықтықтағы жылдамдық) қабілетіне байланысты болады. Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы жақ- тарында көрінетін астар болып табылады. Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жатты- ғуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан үшып шыққан доп болуы мүмкін. Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағынмерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді. Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы баскетболдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады, мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару мен прессинг элементтерін орындау. Қозғалыс жылдамды- ғын үлғайту тек ойыншының жылдамдық қабілеттеріне эсер етумен ғана емес, Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тэрбиелеумен орындалуы да мүмкін. 183

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==