- қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау; - күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау (топтама секірулері); - өз денесін тірексіз жағдайда басқару; - қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу. Баскетболшыларда секіргіштікті дамытудың негізгі қүралдары орнынан және қысқа екпінмен жоғарыға немесе үзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру, Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады. Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойын- шыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет. Қозғалыста, мысалы, қорғаушы- ларда бүгілетін тобық буыны бұлшықетінің күші маңызды болса шабуылшыларда аяқтың жазылуындағы бүлшықеттің қатыстық күші, ал орталық ойыншыларда - жарылғыш өзгермелі күші маңызды болады. Бүл түрлі ойын рольдеріндегі баскетболшылардың күш қабілетін жетілдіруде бейімделу үшін негіз болып табылады. Жо- ғары дәрежелі баскетболшыларда күшті шапшаңдық пен ептілікке мән беріп кешенді күш жаттығулары негізінде дамыту керек. Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және босаң- сытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті жетіл- діру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс саламқты «бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдіс. Шапшаңдьщты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшаңдықты дене сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілетін түсінеміз. Шапшаңдықты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты. Спортшының жай реакциясы - бүл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жү- гірудегі сере тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі 182
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==