Баскетболшының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы тиіс: - бұлшықеттің абсолюттік деңгейін үстап түру мен дамыту; - ең қысқа мерзімде күшті барынша көрсету; - жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру; - бір қимылдан келесі кимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту. Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бүлшықет топтарының көпшілігін дамы- туға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын жү- мысшы бүлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық деп бөлуге болады. Штангамен және де басқа тартулармен жаттықтығуларды мақсатты таңдаудың мына ережелері үсынылады: - жылдамдық - күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны - 8-12; - өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %-ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады; - күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде « бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды. Жаттықтыру әс - тәжірибесінде жарылғыш күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр тығыздалған допты үзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, әріптесін кеңестік алаңында белгіленген сызықтан ығыстыру немесе түсіру, қарсылас қолынан жопты тартып алу, еркін күрес пен самбоның элементері. Баскетболшылардың кешенді жылдамдық - күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б. орын- дағанда барынша жоғары секіру қабілеті. Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар: - секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде орындалуы; - тік қалыпта орнынан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау; 181
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==