баскетбол талаптарына сай нығайту, жаттықтыру ықпалын дайындық жаттығуларынан негізгі қимылдарға ауыстыруға көмектесу. Арнайы дене дайындығы баскетболшының қимыл қабілеттерін қалыптастыруда негізгі роль атқарады және ойынның әдіс - тәсіл- дерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағды- ларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады. Баскетболшының дене дайындығының жоғары емес деңгейі оның әдіс - тәсілдік қорын меңгеру мен оны жетілдірудегі қабілетін көрсетеді. Мысалы, секіргіштігі жақсы дамымаған баскетболшы секіре доп салудың замануй әдісін меңгере алмайды және қалқан астындағы доп үшін тартысқа қатыса алмайды. Ойыншылары баяу қимылдайтын команда тез топжаруды, прессингті әсерлі қолдана алмайды, т.б. Жалпы және арнайы дене дайындығы өзара байланысты және бір - бірін толықтырып отырады. Бір жағынан дайындықтың бұл түрлері ойын ерекшелігіне тәуелді, екінші жағынан баскетболшы- ның жарыстағы әрекетінің шынайы мүмкіндіктерін анықтайды. Сондай-ақ, ойыншының дене дайындығының жеткілікті жоғары деңгейі психологиялық түрғыдан маңызды болып табылатынын атап айту қажет, атап айтқанда: күресте сенімділік береді, қиын жағ- дайларда өте жоғары ерік сапасын көрсетуге мүмкіндік береді. Баскетболшының қызмет мүмкіндіктері оның дене дайынды- ғының негізін құрайды. Оның даму деңгейі спорттық жұмыс қабіле- тін яғни ойыншының түрақты даму үшін жеткілікті, үзақ уақыт барысында өзіне арнайы ерекше жұмысты атқару қабілетінде нақты көрінеді. Жүмыс қабілеті ең алдымен ағзаның биохимиялық табиғаты бойынша екі бөлек интегративтік қасиеттері - аэробтың және анаэробтық өнімділіктен көрінеді (яғни, бүлшықеттің оттегімен толық немесе жеткіліксіз қамтылуы). Жекелеген кезеңдерде жат- тықтыруды қүруда дене жаттығуларының спортшы агзасының қыз- меттік дамуына эсер ету деңгейін ескеру қажет. 179
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==