Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдау- ларға сәйкес келуін қамтамасыз ету керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі. Аякпен берілетін соқкылар. Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бүл ойында жиі қолданылады. Бұл қабылдау қысқа және орташа қашықтықтан допты беруді және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады. Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бүл соқ- қыны дүрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және сәл иық түсына үстау керек. Тірек аяқтың үшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек. Оку барысында: 1. Допсыз. Табанды 90° С-қа бүру арқылы аяқты алға сілку. Жаттығу қайталанады. 2. Қсібыргада. 5-6 м қашықтықта түрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25 соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек. 3. Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1 м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады. 4. Дәл қагыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір- бірінен 5-6 м қашықтықта түрып, бір-біріне допты соққы арқылы жіберіп отырады. Мұнда соққы оң және сол аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дүрыс қағып алуды жене соққы бағытын дүрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 5. Колоннада. Жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты кері қайтарып, колонна соңына барып тұрады. Осылайша барлық колонна допты қайтарып болған соң орын алмасады. 6. Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде түрады. Басқалары шеңбер артында бір-бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқай- сысына допты кезекпен беріп отырады. 15-20 доп бергеннен кейін орын алмасады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==