Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

4) Доп салу. 5) Бағанды айналып өтіп доп салу. 6) Екі доппен үштікке доп беру. Баскетболшыларды дайындау басқа да спортшыларды даярлау тәрізді дене, әдістік, тәсілдік, ойын, рухани - ерік жэне психологиялық және ілімдік дайындықтардан қуралады. 2.9.5. Дене дайындығы Заманауй баскетбол - бул жоғары қимыл белсенділігімен, үлкен қысымдылығы ойын эрекетімен, ойыншыдан қызмет мүмкіндіктері мен жылдамдық күш сапаларын барынша жумсауды талап етумен сипатталатын атлетикалық ойын. Дене дайындығының міндеті - денсаулықты жан - жақты дамыту мен нығайту, баскетболшының қызмет мүмкіндіктері мен қимыл сапаларын арттыру. Спорттың басқа түрлеріндей баскетболда да дене дайындылығының бағдарламалық - мөлшерлік негізі Президенттік тест кешені болып табылады. Дене дайындығы міндеттері дене тэрбиесі жүйесінің ортақ міндеттерінен туындап, спорт түрінің мамандық ерекшелігіне сай нақтыланады. Баскетболшының нақты дене дайындығы мына міндеттерді атқаруға бағытталған: 1) Даму деңгейін арттыру мен ағзаның қызмет мүмкіндіктерін кеңейту ( қызметтік дайындық). 2) Дене сапаларын тэрбиелеу (күщ, шапшаңдық, төзімділік иілгіштік жэне ептілік), Сондай-ақ, олармен байланысты ойын әре- кетінің тиімділігін қамтамсыз ететін дене қабілеттері кешенін дамыту (секіргіштік, жылдамдық қабілеті,лақтыру қимылының қуат- тылығы, ойын ептілігі мен төзімділігі - атлетикалық дайындық). Бұл міндеттерді шешу жалпы жэне арнайы дене дайындығы барысында атқарылады. Жалпы дене дайындығы баскетболшының жаң - жақты дамуын қамтиды және таңдалған спорт түрінен арнайы дене дапаларын әсерлі көрсету үшін алғышарттар қурады. Ол арнайы бағытта болуы тиіс, атап айтқанда: спортшы ағзасының мүшелері мен жүйелерін 178

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==