Айналымдық жаттықтыру - бұл сабақты үйымдастыру түрі, оның қүрылуының негізгі әдістемелік принциптері мына ережелер: 1) «Бекетті» бірізді ауыстыру ретімен орындалатын дене жат- тығулары кешенді жасақтауды айналымдық пайдалану. 2) Топтық сабақтарға есептелген, ол спорттың ойын түрлеріне ерекше лайықты. 3) Баскетболшының жан-жақты даму негізінде жүмыс қабілетін арттыру. Жаттығулар кешені спорттың әр түрінің қосымша жатты- ғуларынан, сондай-ақ баскетболшының арнайы жаттығуларынан қүралады. 4) Кешенді жаттығулар жүктемесін қатаң бақылау. Ол жүмыс қабілетін дамытудың негізі қүрамдас бөліктері - жаттығу үзақ- тығына, қарқындылығына, қайталау санына, нақты белгіленген де- малыс үзілістері мен жеке «бекеттер» және айналымдар арасын- дағы қатаң бірізділікпен мөлшерленген жүктемеге сүйенеді. Жат- тығу ұзақтығы аэробтық және анаэробтық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі есебінен таңдалады. Қарқындылығы жүрек жиырылу жиілігі бойынша мөлшерленеді. 5) Жарыс деңгейіне жететін немесе одаи асатын қарқынды- лықты пайдалану (әрдайым баскетболдың арнайы қүралдарымен жетуге мүмкін емес) жүрек жиырылу жиілігі жүктеменің әсерін бағалауға мүмкіндік беріп, спортшы ағзасын қуатпен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет жағдайына арналған түрлі жаттығулардың әсерінің сипаты қызметін атқарады. Жаттығуларды олардың эсер ету қарқындылығы бойынша белу жүктемені дүрыс бағытта жоспарлап бақылауға, белгілі бір сапаны дамыту үшін арнайы жаттықтыру қүруға мүмкіндік береді. 6) Жүктемені жеке мөлшерлеудің үлкен мүмкіндіктері (әрбір жаттығуды көп мөлшерде қайталап анықтауда пайдалану негізінде). Жүктеме мөлшері бүкіл оқушыларға бірдей жэне қатаң түрде жеке түлғалық болып белгіленеді. 7) Баскетбол ерекшелігіне барынша жақындық. Бүл үшін екі бағыт бойынша шеңбер мен «бекеттер» қояды: - түрлі міндеттері мен қүралдары бар «бекеттерді» жинау; - баскетболшының күш, жылдамдық - күш дайындығын, ептілігін дамыту, тэсілдік - эдістік және ойын дайындығына міндеттер қоятын «бекетті» арнайы таңдау. 175
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==