сипаттағы жаттығулардың үзақтығы 1,5-2 минут баскетболшының арнайы жаттығуларының ұзақтығы - 2-3 мин. Тынығу үзілістері әлсіз немесе белсенді болуы мүмкін. Олардың үзақтығы ЖЖЖ- ның қалпына келуімен бақыланады, ол 120-130 соқ/мин тең. Қай- талау саны 10-20 рет. Бүл әдісті қолдану жүрек бұлшықетін да- мытуға, жүрек көлемін ұлғайтуға және аэробты алмасу көрсет- кіштерін жақсартуға көмектеседі. Ойын әдісі жарыс жағдайын бөлшектей үлгілеуге көмектеседі. Оны ойын барысын белгілі оқиғамен және соңғы мақсатымен түрақты және күтпеген өзгерістер сипаттайды. Ол қимыл эрекет- терін кешенді көрсетуді, дербестікті, бастамашылдықты және ойын- шылар арасындағы өзара түсіністіктің болуын талап етеді. Ойын әдісін баскетболшының жеке қабілеттеріне таңдап эсер етуде және оның қимыл эрекеттерін кешенді жетілдіруде пайдалануға болады. Жарыс эдісі - бүл арнайы ұйымдастырылған сайыс, бұнда жеке және командалық күрес үшін жағдай жасалған. Жарыс процесі қарсы қимыл факторы болатын жағдайда жоғары қызметтік ілгерілеу, ерекше көңіл-күй, психологиялық толқу қолайлы жағдай тудыруға көмектеседі. Бүл әдіс дайындықтың жеке міндеттерін шешуде, мысалы дене сапаларын тәрбиелеуде, әдістік амалдарды, тәсілдік өзара эрекетті жетілдіруде, оқушылардың қызығушылықтарына дем беріп, белсендіру үшін қолданылуы мүмкін. Көмекші әсерлер әдісі дене сапалары мен қимыл дағдыларын дамытуда өзара байланысқа негізделген. Бұл үшін баскетболшының қимыл әрекетінің биомеханикалық жэне анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруіне сәйкес жағдайда қажетті қимыл сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар пайдаланылады. Мұнда тек жұмыс істейтін бүлшықеттер құрамы ғана емес, сондай-ақ жүмсалатын күш көлемі, туындаған жағдайлар тәртібі мен осы күштердің қимылдың түрлі кезеңдерінде өзгеру сипаттары ескері- леді, ол жүйке-бұлшықет жүйесінің жүмысын жақсартып, қимыл эрекетінің жоғары әсерлілігін қамтамасыз етуге жэрдемдеседі. Көмекші әсерлер әдісін баскетболшыларды дайындаудың арнайы және жарыс алдындағы кезеңдерінде, сондай-ақ дене дайын- дығына уақыт аз болған жағдайда дене әдістік және тэсілдік дайындықтар міндеттерін тығыз байланыстыру қажет болған жарыс кезінде пайдаланады. 174
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==