Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Жаттықтырудың ауыспалы әдісі түрлі қарқындағы жүктеме- лерді кезектестіруді қарастырады. Жүктемені бүлай кезектестіруге мысал ретінде баскетболшының жалпы және арнайы дене дайын- дығы сатысында кең қолданылатын фартлек жүгірісін (жылдам- дыққа жүгіру) алуға болады. Негізгі факторы қимыл құрылымы болып табылатын түрлі, ойын жаттығуларын үздіксіз орындауда жаттықтырудың осы әдісіне жатады. Қайталау әдісі жүктеменің мазмүнын, көлемі мен сипатын сақтап, жаттығуларды бірнеше дүркін орындауға қүрылады. Мы- салы, бірдей жылдамдықпен бүкіл баскетбол алаңын қүрайтын үзындықты бірнеше мәрте жугіріп өту, қайталап салмақ көтеру, белгілі бір әдіспен бір нүктеден бірнеше дүркін доп салуды орын- дау; ЖЖЖ қайталау алдында 120-130 соқ/минуттан төмендемеуі тиіс. Бүл әдіс баскетболшыға бір жаттықтыру барысында үлкен көлемдегі жүмысты атқаруға, мүмкіндік беріп, қызмет мүмкін- діктерін жетілдіруге, қимыл дағдыларын нығайтып, қалыптастыруға көмектеседі. Қайталау әдісін күшті, шапшаңдықты, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті тәрбиелеуде және әдіс-тәсілдік дайындықта қолданады. Баскетболшылардың күш қабілетін тәрбиелеуде «бас тартқанға дейін» жаттығуларын орындау әдісі қолданылады, оның негізін баскетбол элементтеріне үқсас құрылымы бар тартылу (максимум 60-70%) жаттығуларын қайталап орындау күрайды. Барынша күш салу әдісі баскетболшы екі-үш реттен артық көтере алмайтын ауыр салмақ көтеру жаттығуларын пайдалануды үсынады. Жаттығулар арасындағы үзілістік қалпына келтіруді қам- тамасыз ету үшін 5 минут шамасында аптасына бір сабақ болуы тиіс. Бүл әдіс күшті тәрбиелеуде өте тиімді. Қайталау әдісінің тағы бір түрі қайталау - үзілісті жаттықтыру әдісі болып табылады, ол қайталау барысында жүктемені бірде үлғайтып, бірде азайтып, жүктемені көтеруге ден қойып, өзгерту- мен сипатталады. Интервалдық әдіс қайталау арасында жаттығу ұзақтығы мен демалыс үзілістерін қатаң қадағалап, қысқа мерзімдік жұмысты бірнеше дүркін қайталауды үсынады. Жатты,у қарқыны ЖЖЖ бойынша шамамен 180 соқ/минут болып бақыланады. Айналымдық 173

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==