- жаттығуларды дүрыс мөлшерлеу, күрделі нүсқаларға дер кезінде өту, жүмыс пен демалысты жоспармен кезектестіру; - бақылау жаттығулары мен текст арқылы оқушылардың білімі мен дағдысын түрақты тексеру, жүмыстың келесі сатыларында міндеттер қою. Оқыту принциптері өзара байланысты және өзара шарттасқан, ол оқыту барысын тиімді бағдарлауға мүмкіндік береді. 2.9.3. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері Спортшыны даярлау барысында ойынды жарыс деңгейінде жүргізуге қажетті дағды, білік пен білік қалыптасып, жетілдіріледі. Жаттықтырудың мақсаты - дене дамуы жақсы, денсаулығы мықты, қоғамның белсенді мүшесі, Отанды қорғау мен жоғары өндіріс- тік еңбекке қабілетті, жоғары спорт нәтижелерін көрсетуге дайын азамат тәрбиелеу. Баскетболшының спорт жаттықтыруы барысында түрлі мін- деттер атқарылады және олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты: - жоғары ерік және рухани сапаларын тәрбиелеу; - арнайы сапаларды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу; - заманауй әдістерді, икемді тәсілді және ойын стратегиясын меңгеру; Спорт жаттықтыруының барлық қүралдары жарыстық және дайындық болып бөлінеді. 2.9.4. Спорт жаттықтыруының әдістері Тең мөлшерлі әдіс жаттығуды теңкөлемді ырғақта үздіксіз үзақ орындауды үсынады. Бүлшықет топтарының көп бөлігі қатысатын кросстар, шаңғымен жүгіру, жүзу, айналымдық сипаттағы жалпы дамытушы жаттығулар спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндік- терін арттыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бүндай жаттығулар- ды орындағанда, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 140-150 соққыға жетеді, үзақтығы 60-90 минут болатын жүмыс әсіресе, дайындық кезеңінде жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі. 172
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==