Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бұл принциптерді іске асыру дайындықтың жскелсіеп жақтарын талдап түсінуге мүмкіндік береді. Тәсіл мен әдісті оқу алғашқыда жекелей жүргізіледі. Қиындықтарды арттыруда және бір тапсыр- мадан келесісіне өтуде сатылап жүру сақталады. Әсіресе оқу про- цесіне жарыс жүйесін талап деңгейін ойластырып, ерекше мұқият қараған жөн. Талаптар біртіндеп өсіп, оқушының мүмкіндіктерінен, олар- дың дайындығы мен сәйкес жүктемеге дайындығынан аспауы тиіс. Оқушы біршама еңбек етіп, өзі жететіндей талаптар қойылуы керек. Оқушы жеңіл атқаратын жеңіл жаттығулар дамуды тежейді. Бұл принцип таным барысында көп қырынан көрінетін жеке ерекшелігі мен ерікті дамыту деңгейіндегі қимыл белсенділігі мен жүмыс қабілетінің есебін талап етеді. Баскетболдағы іс-әрекеттің командалық сипаты есеп пен арнайы жеке жүмысты қиындатады. Сабақты үжымдық түрі мен жеке түлғалық түрі сәйкес келетіндей етіп үйымдастырылуы тиіс. Бүл принципті іске асыру қүралдары: - денсаулық жағдайы, жалпы және арнайы дайындығының деңгейі, қимыл сапаларын дамытудың, жасы мен сабақ өту мер- зімінің,т.б. дәрежесі; - команданы топтастыру; - оқу-жаттықтыру процесін үйымдастыру; - дайындықтың барлық түрін ақыл-ойын жоспарлау; - жеке ерекшеліктерін зерттеу, ойындағы рөлін анықтап, ойын- шы шешуі тиіс міндеттерді нақтылау; - жарыс деғгейі мен қарсыласын таңдаудағы жан-жақтылық. Дамыту мен бекіту принциптері. Оқыған материалдарын бекітпейінше алға жылжу мүмкін емес. Егер жаңа материал оқы- тылып, жүктемелер артып, жаттығулар жаңарып, күрделенбесе, алға даму да болмайды. Өтілген материал бекітілуі тиіс, оқушылар оны бүзушы ық- палдарға төзімді болатындай етіп мықтап бекітуі тиіс. Бүл принцип дене сапалары дамуының деңгейін арттыруды қа- растырады, онсыз жеткен жетістігін бекіту мүмкін емес. Бүл принципті іске асыру қүралдары: - жаттығуларды таңдау және оны біртіндеп күрделендіру; 171

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==