Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- жағдайды оған өзі қатысуымен талдай білу қабілетін тәрбиелеу; - спорт жаттықтыруының әдістемесінің негіздерін жетілдіру; - жүмысты талдау мен дайындық жоспарын жасауға қатыстыру; - дербестігін қолдап, қоғамдық жұмыстарға төрешілердің және жаттықтырушының көмекшісі ретінде қатыстыру; - жаттықтырушымен және дәрігермен тығыз байланыста жат- тықтыру күнделігін жүргізуге үйрету маңызды. Танымалдық пен белсенділік принциптері оқушыға оқу-жат- тықтыру процесіяің міндеттерін сараптау барысында терең үңілуді талап етеді. Көрнекілік принципі. Сезіне қабылдау-танымның бірінші тобы. Алған әсері негізінде бейне қалыптасады. Дүрыс бейнелеу оқыған материалын тез игеруге көмектеседі. Кинофильмдер, көмекші оқу қүралдары, т.б. көмегімен қажетті мөлшерде ақпарат алуға болады. Олар таным әрекетін жеңілдетеді, қабылдау мен бақылауды ұйым- дастырып, бағыттайды. Оқыту көрнекілігі арқылы абстрактілі үғым- дар нақтырақ болады. Дұрыс таңдалған оқу көрнекі қүралдары ойын жағдайында туындайтын қимылдың түрлі жақтарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бүл принципті іс-тәжірибеде іске асыру құралдары: - көрсетудің алуан түрлері; - бейнелген салыстыру арқылы әңгімелеу; - көрнекі қүралдар қолдану; - оқушылардың зейінін ең жауапты сәтке аударуға мүмкіндік беретін қосымша бағдар пайдалану; - сәйкес тапсырмалары бар жарыстар мен жаттықтыруларды көрсету; - ойынның ойын сәттерін талдау үшін макет мақмасын пайдалану; - қарсылас ойынын талдап, ойынға жоспар қүру. Түлгаландыру мен мүмкіндік принциптері. Оқушы алдына қойылған міндет күштірек болған жағдайда барлық оқу барысы табысты болады. Әлсіз міндеттер оқушыларды нәтижеге жеткіз- бейді, соңында өзіне сенімділігі азайып, оқуға деген қызығушы- лығы жоғалады. 170

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==