- дайындықтың барлық жақтарын біртіндеп қамтіпъш ЖОсшір бойынша сабақ өткізу; - оқыту міндеттерін орындау үшін таңдалған нақты материалды ескеру, бұган сабақтың барлық құралдары мен әдістерін, жалпы тәртібін бағындыру; - кезеңімен жұмысты бағалау. Танымдьщ пен белсенділік принциптері. Оқытуға деген шы- ғармашылық көзқарас дайындық барысын жылдамдататын қажетті шарт. Жаттығуларды саралау және қимыл міндеттерінің шешілу әдістерін ой шегінен өткізу, қимыл заңдылықтарын тану оқушыға қимылдарды дүрыс жеке орындауға, оларды шығармашылықпен жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда, егер оқушы тапсырманы жақсы түсініп, бірақ оны орындауға белсенділік пен қызығушылық танытпаса, елеулі табысқа жете алмайды. Баскетболда оқытуға деген саналы көзқарас пен белсенділік өте қажет, себебі бір жағынан бүкіл ойын барысында оқушы жеке өзі шешім қабылдауы тиіс болса, екінші жағынан ол шығармашылық пен қимыл белсенділігінсіз әріптестерімен қажетті байланыста ойнай алмайды. Осы принцип талаптарына сәйкес сабақтар оқушыларда та- нымдық, шығармашылық көзқарас, қимыл белсенділігі мен дербес- тікті тәрбиелейтіндей етіп үйымдастырылуы тиіс. Жаттығуларды саралау ойыншылардың тәсілдік ойлауын да- мытуға, тсілдік мінез-қүлық дағдыларын сіңіруге көмектеседі. Қи- мыл қүру заңдарын білу жаңа үйлесімдер табуға жәрдемдеседі. Еңбек-сүйгіштік пен ақыл-ойды дамытуға тәрбиелеу - оқыту міндеттерінің бірі. Мүнда: - сабақ барысында оқушының танымдық белсенділігін дамытуға жағдай тудыру; - жалпылауға үйрету мен ойын жағдайының белгілерін жекелей қарастыру; - белсенді әрекеттер мен нақты шешімдер таңдауын қолдау; - шығармашылық ойлануын, қимыл түрлерін зерттеудегі дер- бестігін тәрбиелеу; 169
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==