Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Бірыңгай эдіс қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру, баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару т.б. қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бүл жас футболшылар элементарлы қабыл- даулардан біртіндеп күрделене беретін қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет. Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орынында тұрып, сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсы- ласпен активті түрде, соңында ойын алаңында жүргізіледі. Ойыншының қабылдауларды жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден жатгығып болған соң, ойын алаңында сыннан өтеді. Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушыиың бір уақытта тактикалық ептілігі де қалыптасады. Мүнда келесі тәуелділік орын алады. Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық потенциалы да көп болады. Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыс- тарды ойын кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байла- нысты басты назарда футболшыньщ ойын қимылдарына көңіл бөлу керек. Олардың үйренген техникалық қабылдауларды дүрыс жүзеге асыра білуі олардың ептілігін арттыра түседі, мысалы, бір қабылдау басқа да сапалардың артуына себепші болады. Секіріп баспен соққы беру, соққы беруді де сонымен қатар секіргіштікті де арттырады. Аяқпен допқа соққы беруді үйрету. Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бүл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн: қимылсыз түрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дүрыстығына назар аудару 16

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==