2.9.2. Оқы тудың дидактикалық принциптері Оқытудың табысы мен оның ұзақтығы оқыту процессін қүруға тікелей тәуелді болады. Оның негізі педагогикалық процесстердің заңдылықтары болып табылады. Баскетбол ерекшелігінің күшіне қарай дидактикалық принциптер оқу процесте белгіленген жағдай- ларда ұйымдастыру мен сәйкес әдістерді табудан көрінеді. Дидак- тикалық принциптерді сауатты іске асыру оқыту процесін жыл- дамдатып қана қоймай, сондай-ақ оны әсерлі де қызықты етеді. Ғылымилық, жүйелілік және бірізділік принциптері. Қазіргі кездегі ойынның әсерлілігі мен оның тартымдылығы ойынның өзін біршама қайта түрлендірумен, дене мүмкіндіктерін шартты түрде арттырумен, әдістер мен тәсілдерді жетілдірумен байланысты. Бүның барлығы ойынды дамытудың әрбір жаңа сатысында оның мәні, басты әдістері мен тәсілдік өзара әрекет туралы түсінігі өзгеруіне әкеледі; бір әдістің орнына екіншісі қолданылады, түрлері өзгереді және қолданылғаны қайта түрленеді. Ғылымилық принципі оқыту материалын таңдағанда ойын да- муының тенденцияларына, ойынды дамытумен сәйкес оқыту әдіс- темесін түрлендіруде үнемі бағдарлап отыруды талап етеді. Ойынның өз қисыны мен өз құрылысы бар, оған бір сәтте жету мүмкін емес. Жүйелілік жаттықтыру тәртібінде де (жүмыс, тынығу), оқытудың түрлерін, құралдары мен әдістерін кезектестіруде және жүктемеде, т.б. қарастырылуы тиіс. Сабақ саны жаттықтыру жасы мен жынысына қарай тиімді болуы тиіс. Дайындық түрлерін үйренгенде бірізділік ретін сақтау маңызды. Материалды үйренуге белгілі бір уақыт бөлуді түрліше пайдалануы мүмкін. Ғылымилық принципін орындау үшін мыналар қажет: - замануй ойын талаптарын ескеріп, оқытуға арналған материал- дарды мүқият таңдау; - қайталау сабақтары жүйесінде дүрыс үйлестіруге мүмкіндік бе- ретін материалды оқуда бірізділікті сақтау; - материалды оқыту үшін таңдағанда - негізгіден қосымшаға, ал жаттығуды таңдағанда қарапайымнан күрделіге ережесін басшы- лыққа алу; 168
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==