Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

2.9.1. Әдісті үйрету Әдіспен танысу. Ол әдіс туралы бейне тудырудан басталады. Оқушылар өздері жасау керек бейнені көруі қажет. Бүл үшін әдіс туралы оны орны мен ойындағы маңызы туралы айтып қана қоймай, сонымен бірге қимылды орындағанда сезілетін алғашқы қозғалыс сезімін алуға да мүмкіндік беру қажет. Бұл кезеңдегі оқыту міндетіне кіретіндер: - оқушының үйренген әдісі, оның қимыл тәжірибесінде бар сезінулер туралы білімін айқындау; - үйренетін әдісі туралы оның ойындағы орны мен маңызы, негізгі міндеті мен тиімді қолданылу жолы, т.б. туралы алдын ала мәлімет беру; - дүрыс қимылдар мен оның бірізділігі туралы көру және жасау мәліметтерін қүру. Бұл міндеттер көрнекі-қүралдар және түсіндіру әдістері және жаттығуды өзі орындау көмегімен шешіледі. Үйренген материалдарының сипаты мен оқыту міндеттеріне қарай кинограммалар, схемалар, суреттер, бейнетаспалық жазбалар, т.б. қолданылуы мүмкін. Оқушы меңгеру тиіс әдістің бейнесі мен қимыл үлгісі келтірілгеннен соң ол оны өзі орындап көреді. Осыдан кейін ғана аталған әдісті меңгеруге байланысты қиыншылықтар туралы дүрыс мәлімет қалыптасады. Оқушылар қимылдың сипаты мен оның орындалу бірізділігі туралы қозғалыс мәліметін алады. Жеңілдетілген арнайы жасақталган жагдайда әдісті үйрену Бұл оқыту кезеңінің басты міндеті - қимыл әрекетінің негізгі құрылымын игеріп, оны дүрыс орындауды меңгеру. Оқушылар: - әдіс қүрылымын меңгеру; - орындардың алғашқы сәттерінде туындайтын артық қимыл- дарды жойып, қысымды азайтуды; - кездескен қателіктерді жоюға тиіс. Ойыншылардың назары бастапқы қалыптан біртіндеп негізгі топтарға сосын бөлшектеріне ауысады. Бұл кезеңде әдістің негізгі қүрылымын берік меңгеруі қажет. 166

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==