ғана, шабуылдың осы әрекетіне қарсы багыіталгап қорғаныс амал- дарын, яғни қарсы амалдарды үйренуге болады. Қимыл дағдыларын қалыптастыру барысында оқытудың белил! бір кезеңіне сәйкес келетін дербес кезеңдер бөліп қарастыры- лады. Үш кезеңге бөледі: - бастапқы білікті қалыптастыру, онда баскетболшы негізгі қимылдарды меңгереді, түсіндіре айтқанда оның қүрылымын игереді; - қимыл жүйесін нақтылау; - дағдыны жетілдіру. Әрбір сатыда педагогикалық міндеттерді бірізді қою өте ма- ңызды. Оқушылар ең алдымен мынаны білуі қажет. - қимыл орындайтын бастапқы қалыпты меңгеру; - бүл қимылдарда дененің қандай бөліктері қатысатынын білу және оның бағыты; қүламы, уақыт пен кеңістікке сәйкестігі қан- шалықты етенін білу; - қимылдарды қолайлы екпінде тиімді қүлаш бойынша орындау; - сақтау мен оның бөліктерін меңгеру; - қимылды жетілдіруге кірісу; Амалдарды үйлестіруде негізінен бір әдістен соң екінші әдіс жүретін тізбектелу принцип! бойынша амалдар сәйкес келетін болса, байланысқа назар аударады. Байланыста алдыңғы әдістің соңғы қимылы және келесінің басындағы қимылы түр өзгеруіне үшырайтын бір әдістен келесісіне өтуді үйретеді. Әдістер бірізді емес бір уақытпен үйлесетін қимыл әрекеттерін меңгергенде, яғни бірі екіншісінің фоны болған жағдайда (мысалы, жүгіру кезінде доп беру) сәйкестікті алдын ала үйренген қимыл фазалары бойынша үйренеді. Бүл үшін жүргізетін жаттығулар жиі қолданылады. Ойын тәсілін мңгергенде мақсат қояды: - жағдайға қарай үйренген әдістерін пайдалануға және басқа ойыншылармен дүрыс өзара байланысуға үйрету. - оған тиімді қимылдауға мүмкіндік беретін келесі ойыншы үшін барынша қолайлы жағдай тудыра білуге үйрету. Әдістің немесе тәсілдік өзара әрекеттің кез-келген амалын үйренгенде қимыл дағдыларының физиологиялық табиғатына не- гізделе отырып, бір педагогикалық міндеттен келесісіне бірізбен өту қажет. 165
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==