Алғашқы екі жағдайда қорғаушылар ерекшс қауіпсіз-ақ тосқа- уылды айналып өтуге тырысып немесе өз бақылапушысыиа қарай сырғып кетуі мүмкін, үшінші және төртіншісінде добы бар қар- сыласын бақылаған ойыншы секіруге шешім қабылдап ауысып, оған әліптесіне доп беруге немесе шығыршыққа доп салуға жол бермей оны тоқтатуы тиіс, ал допсыз қарсыласына ауысқан ойыншы қар- сыласының қалқанға өтер жолын жабуға міндетті; бесінші жағдайда барлық қорғанушылар тосқауылмен айлалы күрес жүргізіп, сосын қауіпсіздендірумен ауысуды орындап, бірінші мүмкіндікте-ақ бақы- ланушыларын кері ауыстыруды тез жүргізулері қажет. 134-сурет. Добы бар шабуылшыны жіберуге болмайтын алаң аймагы Егер қарсылас командасында дайындық деңгейі әртүрлі ойын- шылар болып, шабуыл көшбасшылары айрықша ерекшеленсе, онда аймақтық қорғаныс пен «ойыншы-ойыншыны» жеке бақылау прин- циптерін сәйкестендіруге негізделген аралас қорғанысты пайдалан- ған дүрыс. Шабуылдың бір немесе екі көшбасшысына қарсы бүкіл алаң бойымен тығыз жеке бақылау (жеке прессинг) қолданылады, ал қалған шабуылшыларға терт немесе үш шабуылшы орындайтын аймақтық қорғаныс, ал айып добы аймағында жеке қорғаныс қояды . Кез-келген қорғанысты қайта қою жағдайында мына ереже- лерді сақтау маңызды: добы бар шабуылшыны алаң орталығына және беткі сызық бойымен жібермеу керек (134-суретте штрих- талып берілген бөлік). 161
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==