Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Ill аймақтыц добы бар жағында (133-суретті қара) қажет емес ауысуды болдырмау үшін дриблермен және тосқауылмен қарқынды күрес жүріп жатыр; II аймақта - мергенге ерекше қатаң бақылау қойылған, тоқсауылда төртінші ауыстыру орындалады, әрбір торга доп салуға жан-жақты қарсылық көрсетіледі; I аймақта қорғаныс- тық басты ережесі жүмыс істейді: қарсыласына үшсекундьық ай- маққа кіріп, сол жердей доп алып жақын қашықтықтаи қалқанды шабуылдауына жол бермеу. Добы жоқ жақтағы ойыншылар матчтың барлық қауіпті сәт- терінде әріптестерін қауіпсіздендіреді, мүнда III аймақта үзақтан берілген допты қағып алуға шығып, добы бар қарсыласынан can жағынан басым түсуді болдыру үшін батыл қадамдар жасалуы мүм- кін (1x2), ал 11 аймақта негізгі қауіпсіздендіру жүргізіледі, тос- қауылда қолайсыз ауыстырудан бас тартады; I аймақта орталық ойыншыны қауіпсіздендіру мен қалқанға өтіп, кері ұшкап доп үшін күрес болуы тиіс. Қорғаныстың бүл жүйесінде орталық қарсыласын бақылау үлкен мәнгеие болады. Егер добы бар ойыншы нашар бақыланса, оида орталық ойыншыны барлық негізгі түрыстарда алдыңғы бүйірден немесе алдынан бақылап (айып добы аймағының жарты шеңберін қосқанда), соған сәйкес үш секундтық аймаққа допты жоғарыдан асыра лақтыруға, кері ұшқан доп үшін тартысуға шығуды қорғайды. Тосқауылмен күрес әдістері төмендегі тәсілдік ерекшеліктермен анықталады: 1) екі қорғанушы да допты және тосқауылды орындайтын шабуыл ойыншыларын көреді; 2) қорғаыыстың бір ойыншысы доп пен шабуылшыны көреді; ал екіншісі көрмейді; 3) қорғаныстың бір ойыншы да допты көрмейді; 4) тосқауылды пайдаланған шабуылшы үш секундтық аймаққа жұлқынып шығады; 5) тосқауылдағы ауысу қорғаныс үшін шабуылшы - қорғаушы жұбында бой мен шапшаңдықта теңсіздік әкеледі немесе мерген үшін қолайлы жағдай туындайды. 160

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==