1.2. Футболшының техникалық дайындығы Футболшылардың түрлі қозғалыстарының тәсілдері, әдістері жиынтығы техника үғымын қүрайды. Футбол ұғымындағы техника қозғалыстарды, аялдауды, қайырылуды, секіруді, допқа берілетін соққыны, допты тоқтатуды, ендіруді, финтті, допты алуды, сонымен қатар спецификалық-техникалық қабылдауларды ұсынады. Футболда ойыншының техникалық шеберлігі оның алаңдағы әріптесінің қар- сылығына төтеп беруді, техникалық қабылдауларды дұрьтс орындауы қабылдаулар мөлшерімен сипатталады. Қазіргі футболға ойын- шының техникалық дамуы, универсалдығы тән. Бұл бірінші кезекте барлық техникалық қабылдауларды меңгеруі және жоғары дең- гейде орындай алуы керек. Жоғары класты ойыншыларды дайындау үшін футболдың барлық техникалық арсеналын балалық шақтаи бастау қажет. Мүнда үйрету әдістері үл балалар мен қыз балалар үшін бірдей. Техникалық қабылдауларды оқыту практикада келесі түрде күрделенеді. Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқ- татумен танысады. Осы қабылдауды жүзеге асырып, меңгерген- нен соң 3x3, 4x4, 5x5, 6x6 ойындарына қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әртүрлі техникалық қабылдау- ларды үйренуге кіріседі. Техникалық қабылдауларды меңгермеген ойыншы футбол ойнауға жіберілмеуі керек. Алдымен, бар күшімен әдіс үйренуге кіріседі. Баспен соққы беруде әлсіз жел берілген допты қолдану керек. Оқытылып отырған техникалық қабылдаулардыц дүрыс орын- далуын қамтамасыз ету үшін, қозғалыстың әрбір деталін білу қажет. Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бү- рылып түруы қажет. Табанның ішкі жағымен берілген соққы та- бысты болып табылады. Бүл соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді. Қабылдаулармен танысқаннан кейіи оны практикада жасап көрумен аяқталады. Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен жүзеге асырылады. 15
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==