в) бүкіл алан, бойынша түрақты қорғаныс тепе-теңдігі, бүл өзара қорғанысты және допты тартып алуға шыққанда біршама төнетін қауіпті жеңілдетеді; г) нақты жағдайда өзара әрекет пен қозғалыс ережелерінің айқындығы мен қарапайымдығы. Қазіргі кезде іс-тәжірибеде аймақтық прессингтің 1-2-1-1; 1-2-2; 2-2-1 және 1-3-1 түрлері жиі кездеседі, оларды аталған матчтарда команданың шешетін міндеттеріне қарсыластарының дайындығына және олардың аймақтық перссингке қарсы негізгі шабуыл жүйесіне байланысты таңдайды. Аймақтық прессингтің кез-келген түрін пайдаланғанда мына ережелерді сақтаудың маңызы зор: 1) аймақтық прессингтің бір сызығының екінші сызықтан ажы- рап қалмауы және алаңның ортасын ашпау; 2) шабуылшыға үзаққа алға доп беруді кедергісіз орындауға, добы бар ойыншыға әрдайым және шешімді эсер етуіне жол бермеу; 3) топтап допты іріктеуде ештеңеге қарамастан қарсыласының қолынан допты тартып немесе түсіріп алу (бүл жеке қате жіберуге әкеледі); ең алдымен тартып алуды жеңілдету үшін доп беру бағытын таңдауға шектеу қойған маңызды; 4) доптың қозғалыс сызығына шегігенде, доптың артқы жа- ғында қалмауын қадағалау; 5) аймақтық прессингтің алдыңғы сызығындағы ойыншылар қарсыласын жүргізу мен доп беру әдістерін басқаларынан нашар меңгерген шабуылшыға немесе қорғану үшін қолайлы жаққа қарай допты лақтыруына ықпал ету. Ойыншы аймақтық прессингте дүрыс және белсенді қимылдай отырып, тек қорғанып қана қоймай, сондай-ақ шабуылдап және оның қарсыласы өз алаң жартысында үстаған эрбір секундты шабуыл потенциалын азайтатын мықтап есінде ұстауы тиіс. Әрбір алаңмен қиғаш доп беру немесе биіктен үзақ доп беру допты үстап қалу мен қарсы тез қарсы шабуыл үшін қолайлы мүмкіндік тудырады. Аймақтық прессингтің кемшіліктері мыналар: а) бірнеше қарсылас ойыншылары бір қанатқа шоғырланғанда команда илдында туындайгі.ш қиыпдыктар; 158
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==