Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

132-сурет. Жеке прессинг крлданудың екініиі түрі Күйрете шабуылдауды жақсы меңгерген командаға қарсы жеке прессинг түрі ретінде алаңның төрттен бір ширегінде және өз жартысындағы прессингті қолданған жөн. Бұл нүсқалардың манызы доптан айырылып қалған соң және жұлқынуға бірінші доп беруге қарсы қимылда команда шегініп, сосын орталық сызықтан немесе алдыңғы аймақтан айып добы сызығынан белсенді қорғаныс үйымдастудан көрінеді. Бүдан ары ойыншылар бүкіл алаң бойы- мен жеке прессингтегідей қозғалады. Аймақтық прессинг. Оның маңызы команда екі ойыншысымен қоса добы бар шабуылшыны әрдайым шабуылдап, сонымен бірге мүмкін доп беру бағытын жабуға тырысып, аймақтық принцип бойынша қарсылас алаңының жартысында белсенді қорғаныс үйым- дастыруынан көрінеді. Добы бар шабуылшыға алаңның III немесе IV аймағына кіре қалса, аймақтық прессинг өз қалқанынан сәл алға жылжып, 3-2 сипатындағы аймақтық қорғаныс түрінде болады (уақытша). Бұндай қайсы - бір шабуылшының аймақтық қорғаныс тылына кіріп немесе айып добын салу аймағына қауіпті шеп бұзу жағдайында корғанушы команда бүл шабуылшыны уақытша жеке бақылауға алады. Алаң бүрышында добы бар шабуылшыны топтап топты іріктеу көмегімен шабуылдайды. Аймақтық прессингтің пайдалы жақтары мыналар: а) қарсылас үшін күтпеген жагдай; ә) бүкіл алаң бойымен қарсылас команданың көшбасшысына және дриблерге ұжымдық қарсы қимылдау мүмкіндігі; б) топтық доп іріктеуді жүйелі қолдану, бұл қате доп беретін және ережені бүзатын ойыншыға эсер етуді қамтамасыз етеді; 157

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==