Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Шашыраңңы қорганыс. Бастапқыда ол қарсыласына өз қалқа- нына алаңнан кез-келген нүктесінен алыс қашықтыққа ойын бас- туына мүмкіндік береді. Сол арқылы ойыншылар допты тартып алып немесе шабуылшылардың жоспарлы айлалы ойындарын бүзып, оларды айқын жоспарсыз, асығыс қимылдауға мәжбүр етуге тырысады. Шашыраңқы қорғаныс екі жүйеде атқарылады: жеке прессингте және аймақтық прессингте. Жеке прессинг - қорғаныстың өте белсенді жүйесі. Оның мәні мынада: доп қарсылас қолына өткен сәттен бастап қорғанушы команданың әрбір ойыншысы шүғыл «өз» шабуылшысын бүкіл алаң бойымен тығыз бақылауды бастап, оған еркін қозғалуға, допты алуға және оны қалаған бағытына беруге мүмкіндік бермейді. Прессинг көмегімен шабуыл ойынын жүргізуге екпінді тез үл- ғайтуға, қарсыласын сайыс өткізу жоспарынан бас тартуға мәжбүр етуге болады. Прессинг қарсыластарының алдын ала білетін тәсілдік айла- шарғыларды пайдалануын қиындатады, себебі оған дайындалатыи уақыт бермейді, үзын бойлы шабуылшылардың мүмкіндігін азай- тады, командаға қарқынды қарсы шабуыл үшін қолайлы жағдай тудырып, егер қарсыласы ойыиның соңғы минуттарында созу үшін, 30 с-ты түгелдей допты иемденуге жүмсап, ойнауға мүмкіндік береді. Дене дайындығы мен әдістік дайындығы жеткіліксіз және то- лыққанды резерві жоқ командаларға қарсы прессинг өте тиімді. Прессинг ойыншылардан мына талаптарды орындауды талап етеді: а) егер допты иемденген ойыншы тосқауылда қалса, оның қозғалуы қиындап, бағдары шектеулі болса, қалған қорғаушылар үстап алуы үшін доп беру мүмкіндігі бар сызықта доп пен бақы- ланушысы арасында түруы тиіс үзақ доп беру мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек; ә) қарсылас ойыншысының қалқанға шығуынан тікелей қауіп төнгенде және оның әріптесі оған доп беретіндей болғанда, өз қалқаны мен сол ойыншының аралығында түрып, оны артқы жағы- нан үстау қажет; 154

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==