ә) алдыңғы сызықта секіре доп салу мен өтуге кедергі келтіре- тін және тез топ жаруға тез және шешімді өтетін ең шапшаң ойыншылар тұруы тиіс; б) аймақтық қорғаныс орталығында бір ойыншы нүсқасында бұл орынды қорғанысты басқаратын ең тәжірибелі ойыншы тұруы тиіс. Қазіргі кезде орта және алыс қашықтықтарынан секіре доп тас- таудың дәлдігінің күрт артуымен, үш үпайлық сызықта жүргізумен және аймақтық қорғаныстың алдыңғы сызықтағы ойыншыларына қарсы сандық басымдық көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа айла- шарғыларды іс-тәжірибеде пайдаланумен байланысты 3-2 немес 1-3-1 күшейтілген алдыңғы сызығына көңіл аударылады. Алаңды аймақка бөлу мен оған ойыншыларды бекіту аймақ- тық қорғанысты икемді пайдалануға кедергі келтірмеуі тиіс, оны белсендіру жолдары: а) қарсылас шабуылшының жобасы бойынша бастапқы орналас- тыруды қайта қүру; ә) шөптің бірінде сан жағынан басым түсуге тырысатын ойын- шыға қарсы кезеңдік жеке бақылау қолдану; б) алаң бүрышында қарсыласынан допты топтап тартып алуды қолдану; в) қарсылас үшін кенеттен аймақтын, қорғаныстан тығыз жеке қорғанысқа ауысу немесе керісінше. Сонымен әрбір қорғанушы тиімді айла-шарғы қолданумен егер шығыршыққа үлкен қауіп төнсе өз әріптесіне соның аймағыида көмектесуі керек. Тек қорғаушы команда ойыншыларының түгел келісілген үжымдық қимылы ғана аймақтық қорғаныстың қандай да бір түрін атқаруда табыс әкелуі мүмкін. Доптан айырылып қалған жағдайда команда ойыншылары тез оралып, аймақтық қорғаныстың бастапқы орналасуындағы өз орын- дарына келуі тиіс. Алайда егер қарсыласы қарсы шабуылға тез өтсе, онда кей жағдайларда барлық ойыншылар бірдей алаңнын өз жар- тысына оралып үлгермейді. Сондықтан ойыншылардың өз орын- дарына оралуының мынадай реті бар: бір ойыншы айып добы сызығының ортасындағы орында түрады, екі ойыншы - айып добы сызығының бүйір нүктелерінде, үш ойынша төбесі добы бар шабуылшыға қараған үшбүрыш болып орналасады, ал команданың бесінші ойыншысы қайта оралысымен өзі таңдаған орнына тұрады. 153
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==