Бүл жүйенің кемшілігі шабуылшылар белгілі қимылды еркін қолданады, алдын ала үйреніп, зерттелген шабуылдарға дайындалу үшін жететін уақыты мен мүмкіндіктері бар болуынан көрінеді. Команда қорғанысқа көше салысымен оның ойыншыларының барлығы доп үшін күрестің аяқталуына қарай алаңдағы өз бөлігіне тез оралып, айып добы аймағына жақын орналасады, онда әрбір ойыншы өз бақыланушысының алдынан шығып, өз қалқанынан алыс кетпей, оның артынан жүреді. Бір-біріне жақын орналасқан opin- тестер басқаларына қарағанда өзара көмек көрсетеді, әсіресе жеке күшті шабуылшыға қарсы күресте бірігеді. Жеке қорғаныс біріншіден добы бар ойыншыға қарсы бағыт- талып, орталық қарсыласының әрекетін қысады. Айып добы айма- ғында тыс жерлердегі қалған шабуылшыларды қатты бақылайды. Добы бар ойыншыға қарсы шабуылдың әрбір сәтінде мыналар қимыл көрсетеді: доп салуға бөгет жасап, допқа белсенді ықпал ететін жеке бақылаушы (немесе орталық ойыншыға доп беруде және жүргізумен өтуде), келесі бүйірге өтуде қауіпсіздендіретін жақын әріптесі, орталық ойыншы - егер шабуылшы қалқанға өтіп кеткен болса, онымен күресуге дайып, команда қорғанысының темірқазығы. Дәл осылай түрде орталық ойыншыға қарсы бір мезгілде үш қорғаушы қарсы шығып, оған допты алуға мүмкіндік бермей, қалқанға өтуге кедергі болады, басқа шабуылшыларға оған өзара әрекет үшін доп беруге жол бермейді. Аймақтық қорғаныс жүйесі. Бүл жүйе де қорғанушы команда ойыншыларын айып добы аймағына жинайды. Әрбір ойыншы ойын барысында өз аймағына кірген кез-келген шабуылшыны бақылап, қалқанға жақын жердегі алаңның белгілі бір бөлігін қорғайды. Бүндай қорғаныс әсіресе өз орталық ойыншысын қалқан жанында пайда- лануға үмтылатын, орта және алыс қашықтықтардын шығыршыққа үлкен дәлдікпен доп салумен ерекшеленбейтін, баяу қозғалатын үзын бойлы командаға қарсы қолданады. Жүйенің жақсы жақтары мыналар: ол ойыншылардан қарсыла- сының соңынан үзбей қозғалуды талап етпейді, өз қалқанынан кері үшқан доп үшін үйымдастырылған күресті жеңілдетеді, қарсыла- сына тосқауылмен, жалғастыра берумен, қиып өтумен байланысты алдын ала үйренген айла-шарғыларды пайдалануды қиындатады. 151
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==