Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

128-сурет. «Кері ушу үшбүрышын» куратын кррганыс ойыншылары Командальщ қимы.і Команда бүкіл құрамымен тәсілдік қолайлы командалық әре- кеттер көмегімен батыл корғанса, ол ең қиын міндеттерді шешуде жеткілікті мүмкіндіктерге ие болады. Командалық қимылдар белгілі бір негізгі міндеттерді шешуіне қарай екі қорғаньтс түріне бөлінеді: шоғырланған және шашыраңқы. Шогырланган кррганыс. Ол ең алдымен қарсыласына қалқанға өтіп, жақын және орта қашықтықтан шығыршыққа доп салуға мүмкіндік бермеуге негізделген. Сондықтан шабуылшылармен күрес әдеттеп қорғаныстың барлық ойыншылары жиналған айып добы алаңына жақын тұста дамиды. Шоғырланған қорғаныс екі жүйеде үйымдастырылады: жеке қорғаныста және аймақтық қорғаныста. Сондай-ақ жеке және ай- мақтық қорғаныстың, кейде жеке прессингтің элементтерін қарасты- ратын аралас қорғаныс жүйесі де бар. Жеке кррганыс жүйесі. Қорғаныстың бүндай әмбебап жүйе- сінде команданың әрбір ойыншысына қарсыласыи жеке қадағалау тапсырылады. «Ойыншы-ойыншыны» түріндегі жеке бақылау принцип! жеке қорғаныс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге көмек- теседі, қорғаныс ойыншыларын шабуыл ойыишыларының жеке ерекшеліктеріне сәйкес бөлуге мүмкіндік береді: шапшаңын-шап- шаңға қарсы, баяуы-баяуға қарсы, т.б. әрбір ойыншы өзінің бақы- лайтын қарсыласын зерттеп, оның әлсіз жақтарын пайдаланып, күреске бейімделуге қабілетті. 150

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==