Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

қарсы түруды керек болады. Қорғанушылардың негізгі міндет- тері - шабуылшыға жақын қашықтықтан шығыршыққа доп салуға жол бермеу, шабуылшылардың қалқанға қозғалысын тежеу жне әріптестері көмекке келгенше уақыт ұту. Бүл жағдайда қорғаушы- ларға доп үшін белсенді күрес жүргізу өте қажет. Дұрысы алаңның орталық сызығы бойымен шегініп, өз қалқанына баратын қысқа жолды жабу. Егер жан жағынан басым болған қарсыласын орта қашықтықтан торга доп салуға мәжбүр етсе, онда қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдаланды деп есептеуге болады. Қорғаушылар (үшеуі) төрт шабуылшының шепті бүзуына қарсы әрекет еткен жағдайында олар жоспарлы түрде айып добы айма- ғына шегініп, сол арқылы аймақтық принцип бойынша үшбұрыш жасай орналасып, қорғанысты ұймдастырады. Кері үшқан доп үшін күрес. Өз қалқанынан кері үшқан доп үшін күрес жарыс барысы мен оның нәтижесінде түбегейлі эсер ететін маңызды ойын сәті. Кері үшқан доп үшін күрестегі жетістік үш қорғанушының өзара әрекетімен шешіледі, олар қалқанға деген қарсыласының жолын кесіп, айып добы аймағында кері үшқан доп үшбүрышын қүрады. Бүған қоса, төртінші қорғаушы егер доп қал- қаннан алысқа үшқан жағдайға қосымша қауіпсіздікті қамтама- сыз етеді. «Кері үшқан доп - үшбүрышын» қалқанға қарай белгілі бір нүктеден доп салғандағы кері үшуы мүмкін бағытын анықтайтын заңдылықтар есебімен татқару керек. Егер қалқан жанындағы алаң бөлігін шартты түрде шамамен бес тең секторға бөлсек (137-сурет), онда 2 немесе 4 сектордан секіре доп салғанда барлық доптың 70%-і осы секторларға қарай кері үшатынын, 3-сектордан доп салғанда барлық доптың 50%-ы осы секторға ұшатынын және 3,2 және 4 секторына барлық доптың 95%-ы, 1 немесе 5-сектордан доп салғанда барлық доптың 95%-ы осы секторға келетінін бақылаудан көрдік. Кері ұшатын доп мүмкіндігі үлкен секторды негізгі сектор деп, ал доптың кері үшу мүмкіндігі аз секторды қосымша сектор деп атауға болады. Осыған байланысты кері үшқан доп үшін күрестің кейбір ережелерін қалыптастырған пайдалы. 148

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==