Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

ауыстырумен жауап беруі керек. Қорғаушы алмастыру туралы шешім қабылдайды («Ауыстық!» айқайы), оған туындаған жағдайда бағдар алу жеңіл болады. Жалғастыра жүргізуде алмастыру туралы шешімді шабуыл жүргізілетін шабуылшыны бақылайтын қорғау- шы қабылдайды, ал қиылысуда аталған өзара қимылды жүргізуде, жоғары жылдамдықты дамытуда бастаманы бірінші көтеретін ойыншыны бақылайтын қорғаушы шешім қабылдайды. Алмастыруды қалаған қорғаушы тосқауыл қойған шабуылшыға қарсы шығып, доп салуға немесе доп беруге белсенді қарсы әрекет көрсетеді, ал әріптесі келесі тосқауыл қоюшы шабуылшыны бақылауға өтетін жолын кеседі. Шегіну және сыргу. Дереу алмастыру қорғаушы команда үшін әрдайым қолайлы бола бермейді, өйткені кей жағдайларда ол жеке сайыста күштің тепе-теңдігін бүзады (үзын бойлы шабуылшы бойы қысқа қорғаушыға қарсы шабуылдайды, шапшаң шабуылшы - баяу қорғаушыға қарсы), қарсылас команда ойыншыларына түрлі алаң- датушы және жалған айла-шарғы жүргізуге мүмкіндік береді және тек қана қалқанға тура қауіп төнгенде алмастыру қажет. Тосқауыл барысында бақылаушыларын ауыстыру орнына, яғни шабуылшылар өзара байланыса алаң бойымен допсыз қиғаш немесе шығышықтан алшақ қозғалғанда қорғаушы тез шегініп, тосқауыл- шыны айналып өтіп, қайтадан өз әріптесіне жақындауы керек. Қалқанға қашық емес түста добы бар шабуылшы үшін тосқауыл қойылғанда шегіну тәуекелмен ұштасады - бүл сәтте шабуылшы еш кедергісіз торга доп салуы мүмкін. Сондықтан тосқауыл коюшы ойыншыны бақылайтын қор- ғаушы (екінші) добы бар шабуылшыны мүқият қадағалап, дәлдеп салуға бөгет болуға дайын түруы тиіс. Жалғастыра беру немесе қиылысумен күресте алмастыруды болдырмау үшін, сырғуды қолданған дүрыс. Шабуылшылардың бұндай өзара әрекетінің екі нұсқасы бар (121-сурет). Допты топтық іріктеу бүл өзара әрекет әдісін добы бар ойыншыны екі қорғаушы бір мезгілде шабуылдайтын прессингте пайдаланады. Допты топтық іріктеудің екі түрі бар. Біріншісінде добы бар ойыншыны бақылайтын қорғаушы оны алдымен үйір сызығына немесе алаң бүрышына допты апаруға, сосын тоқтап, 144

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==