Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

г) қарсыласының алдын ала білетін айла-шарғысын пемесе өзара әрекетін жүргізуде қозғалыс жасауына бөгет болу. Добы бар шабуылшыға қарсы қорғаушы доп үшін барын салып күресіп, сонымен бірге өз қалқының қорғаудың, өзін сақтандыру және әріптестерімен өзара қимылдың барлық ережелерін сақтап, белсене ойнауға міндетті. Қарсыласына белсенді ықпал етіп, оның доппен қимылын шектеп, қолайсыз орынға ығыстырып, қателік жіберу мен доптан айырылып қалуға мәжбүр етуі керек. Барльтқ жағдайда да қарсыласының беткі сызық бойымен қал- қанға өтуіне жол бермеу керек: бүл барлық команда қорғанысын тығырыққа тірейді. Егер дриблер қорғаушыны алдып өтіп, беткі сызыққа шыға қалса, онда оның ізіне түсіп, қалқанға қарай ығыс- тырып, беткі сызыққа дейін қысып, сосын екеулеп шабуылда- ған дүрыс. Қорғаушының бір өзіне қорғанысты бүзған екі шабуылшы қарсы келген, қарсыласының сан-жағынан басым түсуінде күрес қиынға түседі. Онда ең алдымен қысқа жолмен қалқанға қарай шегініп, мүнда ойыншыға алаңдатушы құлаумен шабуылшының қозғалысын баяулатуға тырысу қажет. Сосын добы бар ойыншыны тоқтатуға тырысып (екінші шабуылшыға доп беруіне кедергі жасап), оны орта қашықтықтан доп салуға мәжбүр ету керек. Жақсы секіре- тін үзын бойлы қорғаушыға өзіне қарсы шыққан екі шабуылшымен күресте қалқаннан кетудің керегі жоқ. Шабуылшының біреуі қал- қанға жақындап, доп салуды орындағанда, соңғы сәтте (доп шабуылшы, қолынан шыға салысымен) қорғаушы қысқа жүлқынып, жоғары секіріп, допты басқа бағытқа үрып жібереді. Өз қарсыласын бақылағанда қорғаушы әрдайым алаңдағы жалпы жағдайды бақылауы тиіс. Бүл өзгерген жағдайларды дер кезінде бағалап, әріптесімен табысты өзара қимыл көрсетуге мүмкіндік береді. Топтьщ қимыл Қорғаныстағы топтық қимыл типтік ойын жағдайларында шабуылшыға белсенді қарсы тұру үшін көмекке бағытталған екі және үш ойыншының өзара әрекетін қарастырады. Қорғаныстағы екі ойыншының әдістеріне өзін сақтандыру, ауыстыру, сырғу, шегіну 141

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==