Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Жеке қимыл Добы бар және добы жоқ шабуылшының қарсы әрекет әдістері әртүрлі, дегенмен екі жағдайда да қарсыласын бірдей мүқият бақы- лап және олармен белсенді күресуі керек. Допсыз шабуылшыга қарсы қимыл. Допсыз шабуылшыны бақылағанда қорғаушы мынаған үмтылады: а) қарсыласына шығыршыққа шабуыл үшін қолайлы орынға шығуға немесе осы түрыстан допты алуға мүмкіндік бермеу; ә) өз шабуылшысына немесе қарсылас көшбасышысына бағыт- талған допты қағып алу; б) алаң орталығы бойымен қалғанқа жұлқынып шығуға қойыл- ған тосқауылға ерекше иазар аудара отырып, өзара әрекет үшін қарсыласының қозғалысыиа кедергі келтіру. Әдетте қорғаушы өз бақылай тын шабуылшы мен өз шығыр- шығы арасына шабуылшыны да, допты да коре алатындай етіп орналасады. Шабуылшыға қарағанда қорғаушының ара-қашықтығы мен орны қарсыласының жылдамдық, бой және сапмак дәрежеле- рін салыстыра қарап, әрбір нақты жағдайда дәлелденуі тиіс. Орталық ойыншыны бақылайтын қорғаушы онымен қолайлы орын мен допты алу үшін сайысу қажет. Орталық ойыншы допты тек қалқаннан қосымша қимыл болған кезде ғана иемденетіндей етуге тырысу қажет. Егер ол қалқанға жақын орналасса, онда қорғаушы доп беруге кедергі келтіру үшін оның алдына орналасады. Қарсылас команданың допсыз көшбасшысын тығыз бақылап, оны допты иемдену үшін үлкен жұмыс көлемін орындауға мәжбүр ету керек. Добы бар шабуылшыга қарсы крмыл. Добы бар шабуылшыға қарсы күресте қорғаушы мынаған үмтылуы тиіс: а) қарсыласына шығыршыққа допты дәлдеп салуына мүмкіндік бермеу; ә) қарсыласының қалқанға өтуіне жол бермеу (әсіресе, оң жақтағы күшті түсынан); б) қауіпті бағытқа доп беруге жол бермеу (әсіресе орталық ойыншыға немесе команданың көшбасшысына, мергенге); в) допты иемдену; 140

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==