Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- қарсыласының сызықтары мен жеке ойыншылары арасындағы ойнамалы байланыстар мен өзара әрекетті бүзып, шабуыл үшін дайындық операцияларын жүргізуге кедергі жасау; - қарсыласыиың тез қарсы шабуылға өтуіне жол бермеу. Допты иемдену үшін белсенді күрес жүргізумен шығыршықты алдын-ала ойластырылған дәл және нақты қорғанысты үйлестіруге негізделген қорғаныс бастаманы өзіне алып, қарсыласына қолайсыз тәсілдік ойын үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Мүнда бағдар алуға мынадай бірізділік үсынылады: - үш үпайлық сызықта, өз қалқанына, жеке өз бақылаушысыиа алаң сызықтары бойымен қозғалудың өзіндік түрысы, бағыты мен жылдамдығын бағалау; - қарсылас қозғалысының түрысыи, бағыты мен жылдамдығын бағалау; - әріптесінің қозғалу тұрысын, бағытын және жылдамдығын бағалау; - дәл сол сәтте шығыршық үшін өте қауіпті қарсылас ойыншысын анықтау; - өзінің бақылаушысының немесе өзінің қорғаныс аймағындағы орнын анықтау; - көшбасшының, орталық қарсыласының, мергенінің әрекет ету аймағын, қорғаныс қажеттілігі мен мүмкіндігін анықтау; - әріптесімен өзара әрекет түрлерін анықтау үшін қарсыласының жұптасып өзара қимылдауын немесе алдын-ала үйренген айла- шарғысының басталуын анықтау; Кез-келген қорғаныс ойыны жағдайларында мыналар қажет: - уақыт пен кеңістікті үту үшін күрес; - бастама үшін, қарсыласына өз еркі мен стилін ендіру үшін күрес; - допты иемденген қарсыласына үнемі қысым көрсету; - шүғыл қарсы шабуыл үшін алғышарттар жасау; Шабуылдағыдай, қорғаныста да жеке, топтық және командалық қимыл түрлері бар. 139

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==