Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

116-сурет. 3-«аймак,та», 2-«жеке» аралас кррганысына царсы щабуыл Бұндай айла-шарғыларды жою қарсыласын тығырыққа тірейді: жеке тығыз бақылау мен аймақтық қорғаныс үйлесімі тосқауыл мен жалғастыра беруде қайта кірісу меи қауіпсіздік сақтауды қиындатады. 125, 126-суреттерде аралас қорғаныстарға қарсы үлгі айла-шарғылар берілген: «4»-аймақта, «1»-жеке және «3»-аймақта, «2»-жеке. 2.8. Қорғаныс тәсілі Жақсы ұйымдастырылған қорғаныс шабуылда жеткен жетіс- тіктерді нығайтып қана қоймайды, ол комаиданың бұдан кейінгі әрекеттерінің сипатынада эсер етеді. Сенімді қорғанысы бар команда шиеленіскен ойындарға барудан қорықпайды, орташа және алыс қашықтықтан доп салуды жақсы пайдаланады жэне үшып шықкан допқа батыл барады. Қорғанатын команданың эрекеті шабуылшылар эрекетіне жауап болып табылады және қарсылас тәсілінің ерекшелігіне қарай үйымдастырылады. Қорғаушы команда алдында төрт негізгі міндеттер қойылады: - қарсыласына шығыршыққа дәл, кедергісіз доп салуға жол бермеу; - қарсыласынан допты тартып алып, қарсы шабуыл үшін жағдай тудыру; 138

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==