Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

112-сурет. Өз алаң жартысында прессингке қарсы екінші амал Допты жүргізіп, жеке сайыс жағдайында алға жылжыған ойын- шы (1x1) алға алаңдағы жағдайды жақсы бағдарлап допты топтың тартып алуына (1x2) жол бермеуі керек. Сонымен қатар допты бо- саған әріптесіне беруге немесе торга салуға тәсілдік негізделген доп беру шешімі табылмаған жағдайда доп жүргізуді. Себепсіз үзіп алмау керек. Ойыншы добы бар әріптесіне өте жақын келмеуі керек. Олай етсе қорғаушының әрекетін жеңілдетіп алуы мүмкін. Прессинг қолданған қарсыласымен бастама үшін тартысқан команда да қарсы прессинг қолдана алады. Бүл екі жақты қарқынды ойынға әкеледі. Аймақтық прессингке қарсы шабуыл. Аймақтық прессингке қарсы шабуыл жүргізу үшін төмендегі ережелерді басшылыққа алу керек: 1) Допты ойынға барынша тез қосуы керек және қарсы ша- буылды қарсыласы аймақтық прессингті үйымдастыруды аяқта- майынша қарқынды жүргізу қажет. 2) Тығыз, қатаң бақылаудан, топтың допты тартып алуынан қорықпай, алаңның қорғалмаған бөліктерін тез бағдарлап, қорға- ныстың бүл әдістерінен басым бола білуі керек. 3) Қарсылас қалқанына тез шығуға үмтылу шабуылдың бір қанатында қорғаушылардан can жағынан басым түсіп, қолайлы жағдайдан доп салды орындау. 135

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==