4, 5, 6 және 7 ойыншылар допты орталық ойыншыға бағыттап немесе орта қашықтықтан доп салып жүргізеді. Жеке прессингке қарсы шабуыл. Жеке прессингке қарсы шабуылдаған команда тәсілдік және әдістік сипаттағы бірқатар шарттарды орындауы тиіс: 1) Допты тез ойынға қосу. 2) Жылдамдықта қорғанысты жарып өтуді немесе тым болма- ғанда қарсылас алаңының жартысын доппен 10 секунд шамасында жүріп өтуді жүзеге асыру үшін жедел кеңістіккке шығу. 3) Тығыз бақылауда шабуылдың екпіні мен тәсілдік бейнесін сақтау. 4) Шабуылдың ең тиімді жүйелері мен нұсқаларына жедел өту. Жеке прессингке қарсы шабуыл тәсілі мына ережелерге қү- рылады: 1) Қарсылас қалқанына шүғыл топ жаруды жүргізу үшін алаңның өз бөлігіндегі барлық ойыншылар бестігін бастапқы орнына түрғызу. 2) Қорғаныс сызықтары арасындағы өзара әрекетті тудыру және қиындату үшін шабуылдың алдыңғы және артқы сызықтар ара- сындағы қашықтықты барынша ұлғайтуды және алаң орталығында допты алып, сол арқылы шүғыл шабуыл жасау үшін қозғалыстағы орталық ойыншыны немесе артқы шабуылшыны ығыстыруды қамтамасыз ету. 3) Команданың білікті дриблері мен қорғаушының жеке сайысы үшін алаңның капталдарын босату. 4) Қарсылас алаңының жартысына доппен шыққанда қарсылас қалқанынан алыс ығыстырылған орталық ойыншысыз шабуылды ұйымдастырумен шоғырланбаған прессингпен түрыстық күресті пайдалану (көрсетілген екі жүйе де айып добы аймағын ашық қалдырады, сол арқылы шабуыл барысынан сол жерге шығып, торды шабуылдауға мүмкіндік береді). 108-110-суреттерде допты әріптесінің үшеуі қарсылас алаңының жартысында түрған сәтте беткі сызықтан екі ойыншының ойынға қосуы көрсетілген. Тосқауыл мен қиылысуды бір мезгілде іске асыру көмегімен қарсыласының қорғанысын бүзып өтуге есептелген (111, 112- суреттер). Алаңның өз бөлігінде команданы бастапқы орналас- тырудағы қызықты айла-шарғыларды жүргізуге болады. 132
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==