айла-шарғылардың көпшілігінің табысты болуы көп жағдайда төменде келтірілген шарттарды орындауға байланысты болады: 1) Ойыншылардың бастапқы орнын таңдап, алдыңғы және артқа сызық «аймақтарына қарсы шабуылшылардың саны басым болуы керек, осы екі сызык арасындағы өзара байланысты бузу қажет». Мысалы: 3-2 аймағына қарсы 2-3 орналасуымен қимылдау, 1-3-1 айнағына қарсы 2-1-2 орналасуымен, 2-3 (немесе 2-1-2) аймағына қарсы 1-3-1 орналасуымен кимылдау, т.б. 2) Шабуыл қанатында 3x1 немесе 4x2 болып, қарсыласынан сан жағынан басым түсіп, қорғаушыны оның алаң бөлігінен алшақ- татып жіберуге тырысу қажет. 3) Аймақтарда ойыншыларды бастапқы орналастырудың қатып қалған заны жоқ екені белгілі және алаңдағы өзгермелі жағдайда қорғаушылар тәсілдік бейнені өзертуі мүмкін болғандықтан, шабуыл барысында «допты бер де, шық» түріндегі өзара әрекет пен тосқа- уылды шығармашылық пен пайдалану қажет. Мүнда тосқауылдық орта және үш үпайлы қашықтықтан доп салу үшін және қорғану- шылардың доптың ізіне түсуін қиындату үшін қою қажте. 4) Допты ойнатқанда алаң бүрыштарын үнемі пайдаланған маңызды, себебі бұл қорғанысты созып, қорғауды әлсіретеді. 5) Қорғаушылардың бірін алаңдағы өз бөлігін тастап кетуге немесе допқа қарай кетуге немесе допқа қарай қозғалуын кешікті- руге мәжбүр ететінде үш үпайлық доп салумен немесе өтумен үнемі қауіп төндіріп, аймақтық қорғаныс жиегімен шұғыл доп беруді жиі орындаған дұрыс; қарсыласын қай сәтте, қайдан шабуыл жасала- тынын оңғарып үлгертпейтіндей етіп, үнемі қысымда үстау. 6) Аймақтық қорғаныс алаңына жақын түста финтпен үйлестіре шүғыл доп берумен қатар алаңның бір басынан екінші басына қарай биік ұшу жолымен доп беруді және шығыршық деңгейінде «аймақ» тылына кірген үзын бойлы шабуылшыға аралық доп беруді батыл пайдалану керек. 130
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==