Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

- бүкіл айла-шарғыны немесе оның бір бөлігін қайта жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету; - айла-шарғыны күрделендірмеу, себебі күрделі көп жүрісті айла-шарғы тәжірибе барысында өзін ақтамайды; - ойын барысында нақты айла-шарғыны жүргізу туралы нақты және қарапайым белгілер белгілеу. 94-суретте көрсетілген айла-шарғыда қалқанда бір орталық ойыншы арқылы 3-2 шабуылында команда «үштікті», «айқаса шы- ғумен» үйлестіре қолданады. 7, 8 және 6-ойыншы «үштікті» жүр- гізеді. Бүл сәтте 8-ойыншы 7-әріптесінен допты алып, оны өзінің алдынан шыққан 4-орталық ойыншыға береді. Сосын 6 және 8-ойыншы айып добы аймағында 4-орталык ойыншыға жақын түсқа айқаса шығады, онда олардың бірі допты алып, оны салуды орындауы мүмкін. 7-ойыншы алаңдатушы айла жасайды, ал 5- ойыншы тылды қорғау үшін артқа сырғады. «Әткеншек» атты айла шарғы (95-сурет) 2-1-2 түрысында айып добы сызығында бір орталық ойыншының айналасында жалғас- тыра доп беру топтамасынан қүралады. 94-сурет. 3-2 шабуылындагы айла-шаргы 123

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==