Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

Допсыз орталық ойыншы тосқауыл мен жалғастыра беруді пайдаланып, әрқашан шабуылды жалғастыру немесе кері ұшқан допқа таласу үшін айып добы алаңына кіруге тырысып, шеткі шаб- уылшылармен өзара және қорғаушылармен әрекет жасайды. Қорғаушылардың негізгі міндеттері: алаң түкпірінде допты ойнату, артқы шабуылшылармен өзара әрекеттесу, сосын орталық ойыншыға доп беру және шығыршыққа шабуылдау үшін оң және сол жағынан оған жақын жерге шығу. Орталық ойыншыға доп берген ойыншы әрдайым орталық ойыишы әріптексттерінен бөлі- ніп қалмас үшін қарсыласын алдарқатып қалқанға өтуі тиіс. Олай етпесе, оған қарсыласының басты күштері жүмылдырылуы мүмкін. Орталық ойыншы арқылы шабуылдау жүйесінің негізгі нүсқа- лары - бір орталық ойыншы арқылы. Үш орталық ойыншы арқылы шабуылдау қазіргі спорт тәжірибесінде сирек қолданылады. Орталық ойыншылар мен олардың әріптестерінің жеке мүмкін- діктеріне, сондай-ақ команданың жарыстағы жалпы тәсілдік айла- ларына қарай бастапқы орналасудың (түрыстың) түрлі схемалары қолданылады. Орталық ойыншыға доп берген соң қалқанға тік сызықты шы- ғудан белек шабуылшы команда түрыстық шабуыл үшін команданы негізгі бастапқы орналастырумен екі немесе үш ойыншының бел- гілі түрлік өзара әрекетін бірізді үйлестіруге негізделген, алдын- ала үйренген тәсілдік айла-шарғыларды да пайдалануы керек. Айла-шарғыға әрдайым команданың барлық ойыншылары қа- тысады: біреуі-негізгі шабуыл айласын; екіншісі-босатушы немесе алаңдатушы; үшінші-тылды қорғау амалдарын атқарады. Айла-шарғыны іске асыруда мыналар қажет: - ойыншылардың шығармашылық бастамасын іске асыруға кө- мектесу (әсіресе айла-шарғының аяқтаушы кезеңінде); - айла-шарғыны жүргізу барысында ойыншы қорғаушының қарсы әрекеті әлсірегенде орта және алыс (үшүпайлық) қашықтықтан шығыршықты батыл шабуылдайтын аралық жағдайды қарастыру; - айла-шарғыны тек доп салу үшін қолайлы жағдайға жетуге ғана емес және кері үшқан допқа ықпалды талас үшін, сондай-ақ қарсыласы қарсы шабуылға шығуы мүмкін жағдайда тылды қатаң қорғауда да қарастыру; 122

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==