Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

бақылаудан финт арқылы босап, алдын-ала келіскен орынға шығып үлгерген әріптесіне бірінші доп беруді орындайды. әріптесі өз кезегінде допты дереу бірінші тізбек ойыншыларына қарай алға бағыттайды. Біріиші кезеңнің үзақтығы 2,5-3 секунд. Екінші кезеңде кері ұшқан доп үшін тартысқа қатысқан екінші гізбектің екі ойыншысы шабуылға кіріседі (бесінші ойыншы доптан айырылып қалған жағдайда тылды қорғау үшін біршама артта қа- лады). Алаң ортасына шыққан олар алға жылжып, жылдамдықта қиылысу, «үштік», «айқасқан шығу» түрлері бойынша бірінші тіз- бектегі әріптесімен өзара әрекеттесе қозғалады. Шығыршыққа аяқ- таушы шабуыл үшін екінші тізбектен шыққан ойыншыны көбінесе шығарып салушы деп атайды. Екінші кезеңнің үзақтығы шамамен 3,5с. 86-сурет. Тізбектелген топ жарудың бірінші түрі Үшінші кезеңде шабуыл екі немесе үш ойыншының өзара әрекет түріне сәйкес аяқталады, ол дамудың алдыңғы кезеңінде жүрістен шабуылшылар арқылы іске асырылған. Егер де қорғаушылар өтуге бөгет болуға тырысып өз қалқаны түсында топталса, онда екінші тізбектегі ойыншылардың біреуі орта немесе алыс (үш үпайлық) қашықтықтан торға доп салуы мүмкін. 117

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==